Сабақтың тақырыбы:Қайталау
Мақсаты:Екі таңбалы санның ондықтарға, бірліктерге жіктелуі және сол білімге негізделген есептеу тәсілдерін қолдануға машықтандыру; өзара кері есептер құрастыруға және шығаруға жаттықтыру; бұрыштың түрлері жайындағы түсініктерді тиянақтай түсу; екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру жайындағы білімді бекіту.
I.Ұйымдастыру сәті
Кел, ойнайық! «Кім жылдам?»Төменде берілген кітаптың ішіндегі мысалдардың мәндерін кім тез таба алар екен? Тез, әрі қатесіз орындаған оқушы «Жылдам есептегіш оқушы» атанады.