Сабақтың мақсаты:
|
Ана тілі сабағында тыңдау, түсініп оқу, мәнерлеп нақышына келтіріп рөлмен оқу арқылы сөйлеу әрекетін қалыптастыру.
|
1. Білімділік:
|
Дұрыс , түсініп оқуға, өлеңнің негізін түсініп, сөйлемдегі сөздің байланысын сұрақ қою арқылы анықтауды меңгерту.
|
2. Дамытушылық:
|
Балалардың тілін, ойын, сөздік қорын, ізденушілік қабілетін дамыту.
|
3. Тәрбиелік:
|
Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, мамандық таңдау, мамандық иесін сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
|
Сабақтың түрі:
|
Аралас сабақ.
|
Сабақтың әдісі:
|
Сұрақ – жауап, әңгімелеу, рөлмен оқу, ізденушілік, ойын.
|
Сабақтың көрнекілігі:
|
Мамандыққа арналған суретер, дидактикалық материалдар, сызбалар.
|
Сабақтың барысы:
|
|
I. Ұйымдастыру кезеңі.
|
1.Сабаққа балаларды дайындау.
2.Сабақ мақсатымен таныстыру.
|
II. Үй тапсырмасын сұрау, қорыту.
|
– Үйге не берілді? – Ертегі не жайлы?
– Жас тышқандардың әрекетіне қандай баға берер едің?
– Мысықтардың ісіне баға берші? Өмірде осындай жағдайлар болып жатады ма?
– « Бәрі таппаған ақылды кәрі табады » дегенді сен өз тұрғыңнан қалай түсінесің?
|
III . Жаңа сабақ
1. Кіріспе :
|
– Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы Жақан Смақовтың өлеңі «Айтшы, әжетай»
– Балалар, сендердің әжелерің бар ма? Ол асыл жандар жайлы не айтар едіңдер?
|
2. Мұғалімнің түсіндіруі:
|
-Балалар, мына нақыл сөзді түсініп оқып көрелік.
Ата –асқар тау, Ана – бауырыңдағы бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ.
– Осы нақыл сөзден не түсіндің? Қандай сурет салар едің? Айтшы.
– Белгілі балалар ақыны Жақан Смақовтың өлеңін түсініп оқып көрелік.
|
Оқулықпен жұмыс .
Өлеңді мәнерлеп , түсініп оқу. Рөлмен оқу.
Сөздік жұмыс
Осы өлеңді оқып отырып қандай түсінбейтін сөз кездестірдің?
Ақтабан – жылқының атауы.
Қаракөл қой – қойдың түрі.
Бекіту.
Сызбамен жұмыс. Өлеңге сүйеніп,әр мамандық иесін тап. Байланыс сызықтарын жүргіз.
Туыстық атауы
|
|
Мамандығы
|
Атасы
|
|
тәрбиеші
|
Нағашысы
|
|
монтер
|
Жеңгесі
|
|
жылқышы
|
Ағасы
|
|
сауыншы
|
Жиен ағасы
|
|
құрылысшы
|
Апасы
|
|
егінші
|
жездесі
|
|
қойшы
|
2 . Дәптермен жұмыс. Туыстық атауларды үлгі бойынша топтастыр:
а) өлеңге сүйеніп; ( класта)
б) өз бетіңше жалғастыр. (үйден)
Әке жағынан туыс
|
Шеше жағынан туыс
|
3. Өлеңнің соңғы екі жолын қайталап оқы. Ақын сұрағына сен қалай жауап бересің?
4. Ойын: Мамандық иесін ата. « Кім не істейді?»
– Бүгінгі сабақта біз не білдік,неге үйрендік?
Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.