№62. Сабақтың тақырыбы. «Шынықсын денеміз». Бердібек Соқпақбаев.

0
1261
window

Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс, мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, сөйлеу әрекетін қалыптастыру.

Денсаулығын күту, ойлау, қоршаған дүние өзгерісін бақылауға

дағдыландыру.

Есте сақтау, әндете білу, спорт түрлерімен шұғылдану, мәдениетті

сөйлей білуге баулу.

Сабақтың түрі. Аралас

Сабақтың әдісі. Сұрақ- жауап, әндету, ойын.

Көрнекілігі. Қысқы көрініс суреттері, үлестірме карточкалары.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі .

1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын және олардың назарын сабаққа аудару

2.Сабақ мақсатымен таныстыру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

-Үйге не берілді?

-Рөлмен мәнерлеп оқу, құлақ не үшін керек, тымақтың пайдасын анықтап ,

тәрбиелік жұмыс жүргізу.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.

-Үйден салған « Қыс көрінісі» атты суреті бойынша әр оқушы өз суретін

сипаттап әңгімелеп,шағын көрме ұйымдастыру.

ІҮ. Жаңа сабақтың барысы.

1. Кіріспе (осылай жаңа сабақтың кіріспе әңгімесі ретінде байланыстырып кету.)

-Балалар, мына жұмбақты шешсек , бүгінгі сабақтың тақырыбын ашуға көмектеседі.

Табаныма байладым,

Қос аяқпен айдадым. ( шаңғы )

Зулап түсіп төменге,

Шықпас менсіз төбеге. ( шана )

Табанға тақтым,

Жалпаң қақтым,

Зырлап бақтым. ( коньки )

Бұлар не үшін керек?

2. Мұғалімнің түсіндіруі.

Белгілі балалар жазушысы әрі ақын Бердібек Соқпақбаевтың өлеңін дұрыс,

түсініп оқып көрелік ( Б. Соқпақбаевтың өмірі, « Менің атым Қожа » атты

кино жайлы бір- екі ауыз әңгімелеп кету.)

3. Оқулықпен жұмыс. – (іштен , дауыстап, мәнерлеп оқу)

4. Дәптермен жұмыс. 1.жұмбақты жатқа жазу.

Ү. Жаңа сабақты бекіту.

1. Өзің білетін спорт түрлерінің атын жаз.

2. Өзің қай спорттың түрін ұнатасың? (айтып бер)

3. Әндету.

Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.