Қазақ тілі 2 класс на казахском

№62. Сабақтың тақырыбы. «Шынықсын денеміз». Бердібек Соқпақбаев.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс, мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, сөйлеу әрекетін қалыптастыру.

Денсаулығын күту, ойлау, қоршаған дүние өзгерісін бақылауға

дағдыландыру.

Есте сақтау, әндете білу, спорт түрлерімен шұғылдану, мәдениетті

сөйлей білуге баулу.

Сабақтың түрі. Аралас

Сабақтың әдісі. Сұрақ- жауап, әндету, ойын.

Көрнекілігі. Қысқы көрініс суреттері, үлестірме карточкалары.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі .

1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын және олардың назарын сабаққа аудару

2.Сабақ мақсатымен таныстыру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

-Үйге не берілді?

-Рөлмен мәнерлеп оқу, құлақ не үшін керек, тымақтың пайдасын анықтап ,

тәрбиелік жұмыс жүргізу.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.

-Үйден салған « Қыс көрінісі» атты суреті бойынша әр оқушы өз суретін

сипаттап әңгімелеп,шағын көрме ұйымдастыру.

ІҮ. Жаңа сабақтың барысы.

1. Кіріспе (осылай жаңа сабақтың кіріспе әңгімесі ретінде байланыстырып кету.)

-Балалар, мына жұмбақты шешсек , бүгінгі сабақтың тақырыбын ашуға көмектеседі.

Табаныма байладым,

Қос аяқпен айдадым. ( шаңғы )

Зулап түсіп төменге,

Шықпас менсіз төбеге. ( шана )

Табанға тақтым,

Жалпаң қақтым,

Зырлап бақтым. ( коньки )

Бұлар не үшін керек?

2. Мұғалімнің түсіндіруі.

Белгілі балалар жазушысы әрі ақын Бердібек Соқпақбаевтың өлеңін дұрыс,

түсініп оқып көрелік ( Б. Соқпақбаевтың өмірі, « Менің атым Қожа » атты

кино жайлы бір- екі ауыз әңгімелеп кету.)

3. Оқулықпен жұмыс. – (іштен , дауыстап, мәнерлеп оқу)

4. Дәптермен жұмыс. 1.жұмбақты жатқа жазу.

Ү. Жаңа сабақты бекіту.

1. Өзің білетін спорт түрлерінің атын жаз.

2. Өзің қай спорттың түрін ұнатасың? (айтып бер)

3. Әндету.

Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.

 

Ещё уроки серии

Все 131 урок
  1. №60. Алдар көсе мен салт атты.
  2. №61.Сабақтың тақырыбы: Құлақ пен Тымақ
  3. №63. Тақырыбы: Байлық. М.Дулатов. Жұмыстың жылуы. Қ.Мырза Әли.
  4. №64. Сабақтың тақырыбы.«Қыста қызық жұмыс бар » Бүркіт Ысқақов
  5. №65. Мазмұндама
  6. №66. Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталау. Бөлімді қайталауға арналған тест.
  7. № 67. Тақырыбы: Ата ақылы
  8. №68. Сабақтың тақырыбы: « Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым » бөлімі. Атасы мен неме
  9. №69. Сабақтың тақырыбы. « Шал мен балалар» Спандияр Көбеев
  10. №70. Сабақтың тақырыбы. Мысық пен тышқандар. ( ертегі)

Қазақ тілі в 2 классе

Все предметы 2 класса