№26 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Электротехника және электроника негіздері

0
4213

Сабақтың әдісі: Тірек-сызбалармен, формулалармен жұмыс

Көрнекіліктер: плакат «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау», таратпа тірек-сызбалар, жекелеме тапсырмалар.
Құрал – жабдықтар: мультимедиалық проекция аппараты
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға электр тізбегі жайлы түсіндіру. Тізбек құруға қажетті жабдықтармен таныстыра отырып, өткізгіштердің тізбекке жалғану әдістері, тізбектей және параллель жалғану жайлы мағлұмат беру;
Дамытушылық: Оқушылардың электр құбылыстарының өтуін түсінуге, есептер шығару кезінде білімдерін қолдана отырып жұмыс жасай білу дағдыларын, практикалық шеберліктерін дамыту, қызығушылығын арттыруға, өз ойын жеткізе білуге жағдай жасау;

Тәрбиелік: Оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Оларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, іскерлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: тарих, математика, электротехника.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі 1´
ІІ. Өткен тақырып бойынша қайталау 10´
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру 20´
ІV.Жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау, бекіту 10´
V. Үй тапсырмасы 1´
VІ. Оқушылар білімін бағалау, сабақты қорытындылау 3´

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың эпиграфы ретінде Конфуций сөздері алынады:
«Білімге жетелейтін үш жол бар: ойлану, толғану жолы – бұл ең өнегелі жол, еліктеу жолы – бұл ең жеңіл жол, тәжірибе жолы – бұл өте ащы жол».
Бүгінгі сабақта біз философтар ойы бойынша білімге жетелейтін осы үш жолды қолданатын боламыз. Бірақ сендер үшін қай жол тиімді екенін өздерің шешетін боласыңдар.
Мен сендерге өткен сабақтағы алған білімдеріңді қолдана отырып, ойлану, толғану жолымен келесі тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беруді ұсынамын.
ІІ. Өткен тақырып бойынша қайталау жүргізу.
Оқушылармен домино ойнау.
Оқушыларға жұптық тапсырма беріледі. Олар домино ойыны сияқты берілген сұрақтың жауабын екінші доминодан табады. Сол табылған жауаптың екінші бөлігі келесі сұрақ болып табылады.
Оқушылар доминоны шешіп жатқанда, үйге берілген есепті тексеріп шығамын.Электр тогы дегеніміз не?
Электр зарядтарының кез келген реттелген қозғалысын айтады Шардың электр сыйымдылығының өрнегін тап

Электр зарядының өлшем бірлігі
1 Кл (Кулон) Электр тогы қалай бағытталған?
Оң зарядтың қозғалыс бағыты алынады

Өткізгіштерге жатады….
Су, адам денесі, металл, өсімдік тамыры Атомның құрылысы…
Ядро мен оны айнала қозғалған электрондар. Ядро – протон мен нейтроннан тұрады Кулон заңы – …

Электр тогы қалай бағытталған?
Оң зарядтың қозғалыс бағыты алынады

Келесі тапсырмаға тірек-сызбалар бойынша жауап беріңдер.
Мұнда тірек-сызбалардағы ашық қалған орындарды қажетті жазбалармен толықтыру қажет.
1- тірек-сызба

2- тірек-сызба

3-тірек сызба

Физикалық шамалар Белгіленуі Өлшем бірлігі
Ток күші I А
Кернеу U В
Кедергі R
Ом
Меншікті кедергі ρ Ом*м

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақ тақырыбы: «Электр тізбегі. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау»
Балалар жаңа тақырыпты түсіндіруге көшпес бұрын қысқаша мына сұрақтарға жауап берейік.
Тоқ күшін қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады?
Электр кернеуін қандай құралмен өлшейді және тізбекке қалай жалғанады?
Электр тізбегі дегеніміз не?

Техникада және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, электрқозғалтқыштары және т.б электр құралдарын пайдаланады. Бұлар әр түрлі жалғанады.
Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастырайық:
1-жағдай. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды (1-сурет).

сурет 2-сурет

2-жағдай. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді параллель жалғау деп атайды (2-сурет).

4-тірек-сызба

Тізбектей жалғану мысалы: гирлянда – шырша шамдары.
Параллель жалғанудың мысалы: кабинеттердегі жарық шамдарының жалғануы.
Жалғанулардың артықшылықтары мен кемшіліктері:
Параллель жалғану – Тізбектегі бір шам жанып кеткенде, басқалары жұмыс жасайды. Бірақ тізбекке кернеу шамасы аз шамды қосқанда, шам шыдамай, жанып кетеді.
Тізбектей жалғану – тізбекке кернеу шамасы аз шамды жалғауға болады, тізбек пен шамның кернеулері әртүрлі болса да шам жұмыс істейді, бірақ тізбектегі бір шам жанып кеткенде, басқа шамдар жұмыс жасамайды.

Жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау, бекіту
Жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау, бекіту мақсатында оқушыларға өтілген тақырып бойынша сұрақтар қойылып, есептер шығарылады.
Сұрақтар
Электр тізбегін құру үшін не қажет?
Өткізгіштерді тізбектей жалғаудың ерекшеліктері?
Өткізгіштерді параллель жалғаудың ерекшеліктері?

Сапалық есептерден сұрақтар
Аккумуляторды зарядтау кезінде оның қақпақтарын ашып қояды неге?
Жауабы: аккумуляторды зарядтау кезінде сутегі мен оттегі бөлінеді. Егер қақпақ ашылмаса жиналған газ аккумуляторды жарып жіберуі мүмкін.
2. Қараңғыда қант сындырғанда әлсіз жарқылды байқауға болады. Осыны түсіндіріңдер.
Жауабы: Қант сындырғанда зарядталады.
3. Неге электр сымдарына қонып отырған құс, жоғары кернеуді қосқанда ұшып кетеді?
Жауабы: Электростатикалық өрістен құс қауырсындары өзара әсерлесіп аралары ашыла бастайды. Осы қолайсыз әсер құстың ұшуына себеп болады.
4. Электр желісіне ұшып келіп қонған құсқа токтың әсері неге білінбейді?
Жауабы: Құстың денесі мен оның аяқтары арасындағы өткізгіш бөлігі өзара параллель. Мұндай тізбектегі ток күші кедергіге кері пропорционал құс денесінің кедергісі АВ өткізгіш кедергісінен анағұрлым артық болатын, ондағы ток күші аз. Ол құсқа қауіпті.
Есептер арнайы жасалған «қиық карталарда» орындалады. Алғашқы екі есепті өзім шығарып көрсетемін. Қалған есептерді өздерің шығарылу жолына қарап орындауларың қажет.
Есептер шығарту
1-есеп. R1 резистордағы кернеу 3 В-қа тең. R2 резистордағы кернеу неге тең?
Берілгені:
U1=3B; R1=1Ом; R2=4Ом
т/к: U2-?
Шешуі: Екі резистор тізбектей жалғанғандықтан өтетін ток күші бірдей. Сондықтан өткізгіштерді тізбектей жалғау кезіндегі формулаларды қолданамыз.
I_1=U_1/R_1 =3/1=3A, I=I_1=I_2=3A, I_2=U_2/R_2 , формуласынаншығатыны 〖 U 〗 _2=I_2*R_2=3*4=12B
Жауабы : U2=12B

2- есеп . Әрқайсысы 6 Омрезистордыңқосылусызбанұсқасысуреттекөрсетілген . Электр тізбегінің барлық бөлігіндегі жалпы кедергісін анықтаңдар .
Берілгені :
R1=R2=R3=6 Ом
т / к : R ж -?
Шешуі : Бұл сызбада астыңғы екеуі параллаль жалғанып , үстіңгі біреуіне тізбектей жалғанған . Сондықтан екі түрлі жалғау жағдайын қарастырамыз .
1/R_1,2 =1/R+1/R=2/R, R_1,2=R/2=6/2=3 Ом , R_ ж =R_1,2+R_3=3+6=9 Ом
Жауабы : R ж =9 Ом

Келесі есептерді оқушылар өз орындарында отырып шығарады
№532
Электр үтігі кернеуі 220 В желіге қосылған . Үтіктің қыздыру элементінің кедергісі 50 Ом болған жағдайда ондағы ток күші неге тең ?