№132. Сабақтың тақырыбы: Көлде

0
643

Сабақтың мақсаты: 1. Мәнерлеп оқуға,түсінігін толық жеткізуге 2. Ребусты ойлап шешу. 3. Табиғатты сүюге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Құрал-жабдықтар: С.Сейфуллин портреті,суреттер, ребус, сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй жұмысын тексеру

ІІІ. Жұмбақты шеш: 1.Ай астында ақ мамық , Жатыр суды жастанып. 2.Түсініп оқы. Аққу – құс төресі. Аққу-киелі құс. Аққуды атуға болмайды. 3.Аққу туралы не білетініңді жаз

ІҮ .Аққу туралы мәтінді түсініп оқы 253 бет

Ү. Сергіту сәті:Сұрақ бай.жұмыс . 1.Мәтіннің сипаттауға құралғанына мән бер. 2.Жасыл ала қамыс; айнадай жалтыраған; Күміс су; нәзік, сұлу үн тіркестерін дәптеріңе жазып, жаттап ал. Керек болғанда қолдануды ескер.

ҮІ .Суретпен жұмыс: Мәтіндегі сөздерді пайдаланып, суреттегі аққуларды сипатта.

Үйге: оқу мәтінді әңгімелеу 253-254 бет

ҮІІ.Қорыту: Бүгін сабақта не өттік?