№ 64 сабақ. Тақырып. Ермек сазбен жұмыс

0
1816
физика

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Ермексазбен жұмыс істеуге үйрету; фигуралар құрастыру арқылы ой өрісін дамыту, құрастыруға дағдыландыру және адамгершілікке баулу

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: ермексаз, қайшы ,қол орамал.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу. Оқу -құралдарын реттеу. Қауіпсіздік ережелерін ескерту.

Жаңа сабақ мақсатын қою: Оқушының ой-өрісін дамыту.

Жаңа сабақ: ( Оқулықпен жұмыс) Қазіргі заман талабына сай ермексазбен жұмыс істегенде ережеге көп көңіл бөлу керек.

Ермексаздың дәмін татуға болмайды!

Кір қолмен көзді уқалауға болмайды!

Барлық құрал-саймандардың үшкір екендігі есіңде болсын!

Жұмыстың соңында қолыңды міндетті түрде сабындап жу!

Пысықтау: Кітаппен жұмыс: суретті зерттеп қарау, мүсіннің бейнесін кескішпен және саусақтың ұшымен жасап үйрен. Құлын жасап көрелік. Құйрығы мен жалын жеке жасап алып денесіне жапсыр.

Қорыту: Балалар, біз бүгінгі сабақта не жасадық? Неге үйрендік? Саған ұнады ма? Адамгершілік деген не деп ойлайсың?

Сабақты қорытындылау:

Бағалау : Жеке оқушыларға қосымша тапсырма беру, өздігінен әшекейлеу

Үйге тапсырма беру : Бірнеше пішіндер қиып келу.