№ 120. Тақырыбы: Диктант « Құндыз»

0
687

Мақсаты: Диктант жаздыра отырып оқушы білімін тексеру. Сауатты , көркем жазуға баулу. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Диктанттар жинағы

Түрі: бағалау

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық

ІІ. Мақсат қою кезеңі. Диктант. Құндыз

ІІІ. Білімдерін тексеру. Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?Сөйлем неден басталады?Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады?Диктант мәтінін оқып жаздыру.

Құндыз

Құндыз ғажап аң. Ол өзен бойларына бөгеттер жасайды. Орман ішіне каналдар тартады. Тіпті, небір жуан ағаштарды жығады. Құндық өзіне керемет үйшіктер де жасайды. Құндыздың терісі аса құнды болады. Оның аты Қызыл кітапқа жазылған. Сондықтан да оны аулауға тыйым салынған (39 сөз)

Тапсырма:

  1. Соңғы сөйлемнің дауысты дыбыстарының астын сыз.

  2. «Құндыз» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

ІҮ. Сабақты аяқтау.Бағалау.