Мақсаты: Тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, достар арасындағы қарым-қатынастар туралы әңгімелеу.
Білімділік – достық туралы мәліметті толықтыру, жаңа тақырып бойынша лексиканы меңгерту, сөздік қорын молайту.
Дамытушылық –достық туралы біліктерін дамыту, коммуникативтік, ақпараттық құзыреттіліктерін дамыту, оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өз беттерінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік – Адамгершілікке, достыққа, татулыққа тәрбиелеу. Көрнекілік: суреттер, тірек-сызбалар, карточкалар, тапсырмалар Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: бірлесіп білім алу Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, дәлелдеу, әңгімелеу .
Сабақтың барысы I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар. Сыныпта кім кезекші? Бүгін сабақта кім жоқ?
II. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін жүйелеу
Тілдесім. Адам үшін ата-анадан кейінгі ең жақын – абзал дос. «Доссыз өмір – тұзсыз ас» – деп халық бекер айтпаған. Адам жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық. Дос алдамау керек. Дос әрқашан бір-біріне көмектесу керек. Достар ұрыспау керек. Достар тату болу керек.
Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.
Қасыма – рядом өз – свой
Үзіліс – перемена
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндап беріңдер.
Менің атым – Олжас. Оқу жылының басында біздің сыныпқа жаңа оқушы келді. Мұғалім оны менің қасыма отырғызды. Үзілісте екеуіміз әңгімелестік. Оның аты – Ернұр. Ол Естай көшесінде тоғыз қабатты үйде елу бірінші пәтерде тұрады. Үйі менің үйіме жақын. Ернұр маған өз мекен-жайын берді. Қонаққа шақырды. Қазір екеуіміз доспыз.
2-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер .
Сенің досың бар ма?
……………………………………..
Сен оның мекенжайың білесің бе?
……………………………………….
Досыңның мекенжайын толық бере аласың ба?
…………………………………………
Оның үйі сенің үйіңе жақын ба?
…………………………………………
Досыңа телефон шаласың ба?
…………………………………………
3-тапсырма. Берілген етістіктерді ауыспалы осы шақта жіктеңдер .
Беру, бару, білу.
4-тапсырма. Сызба бойынша өзіңнің досың туралы әңгімеле.
Менің досым
Бет әлпеті |
Бойы |
Мінезі |
Ермегі |
Әдемі, сұлу, сүйкімді, сымбатты, Көзі Шашы Мұрны |
Орташа Ұзын Қысқа |
Мейірімді, қамқоршы, момын, сыпайы. |
Кітап оқу, үйірмеге бару, би билеу, сурет салу, ән айту. |
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
2 – тапсырма (Деңгейлік тапсырмалардың 3 тапсырмасы)
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау