Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Емханада. Сан есімнен қайталау

0
795
английский

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырып бойынша мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау. «Денсаулық» тақырыбына тапқан 5 мақалдарын жатқа сұрау

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Кіріспе сөз

2.Сабақтың құпиялылығы

Исцеление

Үндестік заңына бағынбайтын қосымша

Жатыс септігінің жалғауы

Ем хана да

3.Сөздікпен танысу: емхана- поликлиника

Ауыру- болеть

Барлық-все

Мән бермеу- не обращать внимание

Өкіну- сожалеть

Дәрігер- врач

Тұрмыстық жағдай- бытовые условия

Экологиялық қолайсыздық- экологические неудобства

Сарапшылар- эксперты

Дерек- факт

Өмір салты- образ жизни

Қоршаған орта- окружающая среда

4. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» мәтінін оқу, аудару.

IV. Жаңа сабақты бекіту: А) Жазылым- 4- тапсырмадағы сөйлемдерді толықтырып жазу

Жүрегің ауырса, … көрін.

Тісің ауырса, … бару керек.

Тұмауың болса, … бару керек.

Көзің ауырса, … бар.

Құлағың ауырса, … бару керек.

Дәрі керек болса, … бар.

Емделсең, … жазыласың.

Жазылсаң, … шығасың, сабаққа барасың.

Ә) Төмендегі сандарды топтарға біріктір.

Есептік

реттік

топтау

жинақтық

болжалдық

бөлшектік

Қырықтай, ондап, біреу, отыз бесінші, мың тоғыз, екіден бір, отыздай, екі мың он екінші, бесеу, оннан, тоғыздан, тоғыздай, жүздеген, он жарым, қырықтың екісі, жүздеп, бесінші, елу тоғыз, мың, екі мыңыншы, тоқсандай, алпыс алтыншы, үшеу, елуге жуық, оннан екісі.

V. Сабақты қорыту: А) Денсауылққа кері әсер ететін жағдайларды атаңдар?

Дүниежүзілік деректер адам денсаулығының қанша пайызы өмір салтына қатысты деп көрсетіп отыр?

Экологиялық қолайсыздықтарға нені жатқызуға болады?

Адам науқастанса, кімнен көмек сұрайды?

Ә) Жазылым- 5- тапсырма Грамматикалық тапсырманы орныдау.

Мыс: Мен емханада ем аламын.

Сен емханада ем аласың.

Сіз емханада ем аласыз.

Ол емханада ем алады.

Біз емханада ем аламыз.

Сендер емханада ем аласыңдар.

Сіздер емханада ем аласыздар.

Олар емханада ем алады.

Сөздерді тәуелдеу.

Менің дәрігерім, денсаулығым.

Сенің …, …,

Сіздің …, …

Оның …, …

Біздің …, …

Сендердің …, …

Сіздердің …, …

Олардың …, …

VI. Үй тапсырмасын беру: 191- бет 6- тапсырмадағы суретті пайдалана отырып, сөйлем құрап жазу, оны әңгімелеу

VII. Бағалау. Рефлексия