Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Денсаулық. Қос сөздер.

0
1012
химия

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Денсаулық тақырыбына жинақтаған білімдерін толықтыру, пысықтау,жүйелеу.

Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.

IІI. Жаңа түсінікті қалыптастыру: А). Кіріспе сөз

Ә) Сөздікпен танысу

Асыл- драгоценный

Тіпті- даже

Көңіл бөлу- обращать внимание

Қор- запас

Салауатты өмір салты- здоровый образ жизни

Қалыптастыру- формировать

Айналысу- заниматься

Зиянды әрекет- вредные привычки

Шара- мероприятие

Б) Оқылым- «Денсаулық» мәтінімен танысу, аудару, түсіну.

В)Жазылым- 1- тапсырмадағы сұрақтарға жазбаша түрде жауап беру.

Сізге спорт ұнай ма?

Спорттың қай түрімен шұғылданасыз?

Қандай ұлттық спорт түрлерін білесіз?

Қандай қысқы спорт түрлерін білесіз?

Спортшылардан чемпион болғандар көп пе?

Қайталама қос сөздер мынадай жолдармен жасалады:

Өосымшасыз және қосымшалы түбірдің қайталануы: көре- көре, үлкен- үлкен, үйдей- үйдей

Барлық сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз бір түбірдің қайталануы: ауызба- ауыз, сөзбе- сөз

Бір түбірдің әр түрлі қосымшада тұрып қайталануы: өзді- өзіне, орынды- орынсыз

Екінші сыңарға м, п дыбыстары қосылып жазылады: ет- мет, Шай- пай

Еліктеуіш сөздің екінші сыңарында кейбір өзгерістерге ұшырап қайталануы: тарс- тұрс, жалт- жұлт, сатыр- сұтыр

V. Сабақты қорыту: А) Пысықтау сұрақтары:

– Денсаулық деген не?

– Денсаулық жақсы болу үшін не істеу керек?

– Әр адам нені қалыптастыру керек?

– Салауатты өмір салтын қалыптастыру дегенді қалай түсінесіңдер?

– Денсаулыққа байланысты қандай мақал- мәтелдерді білесіңдер?

Ә) Жазылым. 3- тапсырма сөйлемдерді толықтырып жазу

Денсаулық жақсы болу үшін адам … .

Адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние – … .

Денсаулықтың қорын үнемі … .

Адам салауатты өмір салтын … .

Керекті сөздер мен сөз тіркестері: денсаулық, көбейтіп отыру керек, қалыптастыру керек, күш- жігерді, еңбекті, барлық дүниені аямай жұмсау керек.

VI. Үй тапсырмасын беру: 182- бет 2- тапсырма мәтінді мазмұндау

VII. Бағалау