Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.
III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Кіріспе сөз
2.Сөздікпен танысу
3. Диалогті досыңмне оқу
4.Жазылымы
Қыс – жылдың …. …. …. 1.ұнайды
Мен қыс мезгілін өте жақсы …… 2. Туған күнім болады
Қыста әсем қаламыз Астанада …. … 3. Шанамен, конькимен сырғанаймыз
Қарағай мен қайың ақ кимешек ….. 4. Ең тамаша мезгілі
5.«Мен оқушымын» тақырыбына шағын шығарма жазу
IV. Жаңа сабақты бекіту:
1.Грамматикалық тақырыпты түсіндіру
Мекен үстеуі – қимылдың болу орны мен бағытын білдіреді. Сұрағы: Қайда? Қалай қарай? Қайдан?
Мысалы: ілгері, осында, төмен, бері
Сөйлемдер құрастыру
V. Сабақты қорыту: А) Төмендегі сөйлемдерден үстеуді тауып, астын сызып шығыңдар:
Ол артқа жылжи берді.
Сыртта жүрме!
Мұнда күте тұршы.
Бері келіңдер
Мен осында отырмын, ол анда отыр.
Құстар төмен ұшып кетті.
Ә) Тест парақшаларын тарату
21 вариант
Үстеу
1.Іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз табын … дейміз.
а. сын есім
ә. есімдік
б. үстеу
2. Үстеу қандай сұрақтарға жауап береді?
а. қандай? қалай? қашан?
ә. қалай? қашан? қайда?
б. қашан? қай? нелер?
3. Артық сөзді табыңдар:
а. ертегі
ә. ертең
б. ерте
4. Көп нүктенің орнына тиісті үстеуді жазыңдар:
Аңшылар … түлкі әкелді.
а. кенет
ә. төмен
б. бүгін
5. Дұрыс жауабын табыңдар:
Әсел қашан келді?
а. дереу
ә. кеше
б. тез
6. Артық сөзді табыңдар:
а. асықпай
ә. бірден
б. таулы
7. Үстеуді көрсетіңдер:
а. туралы, сол
ә. жас, кәрі
б. зорға, әрең
8. Жауабын көрсетіндер:
Сабақты қалай оқиды?
а. асықпай
ә. ертең
б. кешқұрым
9. Үстеуді көрсетіңдер:
а. сыбырла
ә. қараңғы
б. күндіз
10. Артық сөзді табыңдар:
а. тез оқиды
ә. ерте оянады
ф
б. кешке келеді
VI. Үй тапсырмасын беру: 108-бет
VII. Бағалау. Рефлексия