Сабақтың тақырыбы: Шығарма «Менің сүйікті жануарым»
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;
б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: сөздік
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: сауатты жазу, өз ойын жүйелі жеткізу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Жануарлар туралы өтілген мәліметтерді пысықтап, еске түсіру.
ІІІ. Жаңа сабақ
Шығарма
Менің сүйікті жануарым
Жоспар:
1. Сүйікті жануар бейнесі
2. Іс – әрекеті
3. Мекендейтін жері
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
Өткенді қайталау
VІ. Бағалау бөлімі
Шығарма жұмысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау