8 санының құрамы.

0
1386
рисование

43 сабақ.

Тақырып: 8 санының құрамы.

Мақсаты: 1.Оқушыларды 8 саны, оның шығуы, құрамы туралы түсінікті қалыптастыру.

– 2. Оқушылардың танымдылық қабілетін, ойлау деңгейін арттыру.

– 3 3.Тапқырлыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Әдіс –тәсілдері: түсіндіру, ауызша, жазбаша,

Көрнекілігі: Сандар құрамы, теңдіктер, теңсізідктер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: -оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Психологиялық дайындық: Балалар, біздің математика сабағындағы ұранымызды айтайық. Хормен: «Есеп білмейтін адам, Түк сезбейтін надан».

– Ендеше, балалар, өткен сабақтарымыз бойынша қаншалықты ұққанымызды ортаға салайық.

1).Қайталау.
Футболшының доптарын санайық.

не байқадындар?

біз сандарды аттап оқыдық.

ІІІ. Жаңа сабақ:

1). Қызығушулықты ояту. Логикалық ойын « Жоғалған санды тап»

2). Керекті сандарды тап.

3). Дәптерімізді ашайық, Қолға қалам алайық 8 санды жазайық.

Көркем жазу: 8 8 8

4). Оқулықпен жұмыс.

№1 Сурет бойынша теңдіктер құрастыр.

7+1 3+5

6+2 5+3

4+4 1+7

5). Сергіту сәті: Жаза, жаза есепті, Талып кетті қолымыз. Бір, екі, үш, Бойға жинап күш. Терезені ашайық, Шаң – тозаңды басайық. Жалқаулықты тастайық, Қайта сабақ бастайық.

6). Жұмбақ. Төрт қаз ұшып барады, Биіктен төмен қарады. Аяқ нешеу, бас нешеу? Жауабын кім табады? ( 8 аяқ, 4 бас)

№5 Клоунға көмектесіндер шашылып қалған доптарынан теңдік құрастырып жазындар.

Үлгі: 2+5 8-1

ІV. Қорытынды.