7. Аудан. Фигуралардың аудандарын салыстыру

0
1294

Сабақтың тақырыбы:7. Аудан. Фигуралардың аудандарын салыстыру

Мақсаты: оқушылардың геометриялық фигуралар туралы білімін, геометриялық фигуралардың ауданын салыстыруды ұғындыру.

Ұйымдастыру кезеңі

2. Тірек білім, білік және дағдыларын белсендіру

А .Қазақстан картасына қарап,Каспий,Арал теңіздерінің аудандарын салыстыр.Қайсысының ауданы үлкен екенін айт.

3. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

Ә.Бір фигураны екінші фигураның үстіне толық салу мүмкін болса, онда олардың аудандары туралы не айтуға болады?

Егер бір фигураны екінші фигураның үстіне толық салу мүмкін болса, онда бірінші фигураның ауданы екінші фигураның ауданынан кіші немесе тең, ал екінші фигураның ауданы бірінші фигураның ауданынан үлкен немесе тең болады.

Б. Фигуралардың аудандарын салыстыру үшін олардың ішіне енетін бірдей фигуралар санын салыстыру керек.

4.Түсіну. №2 Заттардың аудандарын салыстыр

№3 Суретте бірінің үстіне бірі салынып көрсетілген фигураларды аудандары бойынша салыстыр.

№4. Бірдей шаршылардан, үшбұрыштардан, төртбұрыштардан тұратын фигуралардың аудандарын қалай салыстырады?

5.Қолдану №10 зерттеу өзгешелігі бар немесе үйреншікті емес жаттығулар

Бос орында қандай фигура болу керек? Жауабы:

6.Жинақтау Өтілген материалмен жұмыс

№5,8 есеп шығару

№7 Жұптық жұмыс қолайлы тәсілмен есепте:

28+164+72 =264 300+177+200= 677

37+653+63= 753 426+40+34=500

7.Үйге тапсырма : №9, 10 – 15 бет