№64. Сабақтың тақырыбы.«Қыста қызық жұмыс бар » Бүркіт Ысқақов

0
1421
Казахстан

Сабақтың мақсаты : 1. Дұрыс, мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, сөйлеу әрекетін қалыптастыру.2.Қоршаған дүние өзгерісін бақылауға, қыстағы қызықтарды жүйелеп айтуға дағдыландыру.3.Есте сақтау, спорт түрлерімен шұғылдану, мәдениетті жүйелі сөйлей ,өз ойын тұжырымдап, салыстыра білуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі :сұрақ- жауап, ойын « Кім көп сөйлем құрайды »топқа бөлініп,тест

Көрнекілігі: Қысқы еңбек көрініс суреттері, тест жазылған қағаздар.

Сабақтың барысы .

I. Ұйымдастыру кезеңі .

1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару

2.Сабақ мақсатымен таныстыру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

– Үйге не берілді?

– Жатқа айту, әндету.

– Тәрбиелік жұмыс жүргізу, спорт түрлері жайлы әңгімелету.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.

– « Қыс көрінісі» атты суреті бойынша сипаттап әңгімелеу

ІҮ. Жаңа сабақтың барысы.

1. Кіріспе 1. Бөлім қалай аталады?

2. Үш қатарды топқа бөліп , жүйелеп айтуға баулу мақсатында , « Кім

көп сөйлем құрайды» ойынын ойнау.

2. Мұғалімнің түсіндіруі.

Белгілі балалар ақыны Бүркіт Ысқақовтың өлеңін дұрыс, түсініп, шапшаң,

мәнерлеп түсініп оқып көрелік.

3. Оқулықпен жұмыс. (- Іштен , дауыстап, мәнерлеп шапшаң оқу)

Ү. Жаңа сабақты бекіту.

1. Бүркіт Ысқақовтың өлеңін осы бөлімдегі Бердібек Соқпақбаевтың

өлеңімен салыстыр. Ұқсастығы неде? Айырмашылығы ше?

2. Өзің қай спорттың түрін ұнатасың? (айтып бер)

3. Әндету.

Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь