| 
 | 
 | 
| Сабақтың мақсаты: | Ана тілі сабағында тыңдау, мәнерлеп нақышына келтіріп рөлмен оқу арқылы сөйлеу әрекетін қалыптастыру. | 
| 1. Білімділік: | Дұрыс , түсініп оқуға, мысалдың негізін түсініп, сөйлемдегі сөздің байланысын сұрақ қою арқылы анықтауды меңгерту. | 
| 2. Дамытушылық: | Балалардың тілін, ойын, сөздік қорын, ізденушілік қабілетін дамыту. | 
| 3. Тәрбиелік: | Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. | 
| Сабақтың түрі: | Аралас сабақ. | 
| Сабақтың әдісі: | Сұрақ – жауап, әңгімелеу, рөлмен оқу, ізденушілік, ойын. | 
| Сабақтың көрнекілігі: | Тақырып бойынша суретер, дидактикалық материалдар. | 
| Пан-аралық байланыс: | Қазақ тілі, сурет. | 
| Сабақтың барысы: | |
| I. Ұйымдастыру кезеңі. | 1.Сабаққа балаларды дайындау. 2.Сабақ мақсатымен таныстыру. | 
| II. Үй тапсырмасын тексеру, қорыту. | – Үйге не берілді? – Аңыз дегеніміз не? – Алдаркөсе мен салт атты қайда кездесті? – Аңызды кім әңгімелеп береді? | 
| Сергіту. | – Кәне, кім жаңылтпашты жаңылмай айтып бере алады? – Алдаркөсе туралы бұрын қандай аңыз оқып едік? – Алдаркөсе қандай адам деп ойлайсың? | 
| III . Жаңа сабақ Кіріспе : | – Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: « Құлақ пен тымақ» | 
| а) суретпен жұмыс (сұрақ-жауап) 1. 2. | – Мына суреттен нені көріп тұрсыңдар? – Ол не үшін керек? – Құлағың үсімес үшін не істеу керек? – Мына жаңылтпашты дұрыс оқып, жаңылмай айтып көрелік. Қыста құлағым үсіп кетті, Үсіп, ісіп кетті. – Неге? – Олай болса, балалар, белгілі сықақшы ақын Асқар Тоқмағамбетовтың мысал – өлеңін түсініп оқып көрелік. | 
Оқулықпен жұмыс. Мысал – өлеңді рөлмен оқу, мазмұнын талдау.
(мәнерлеп оқу)
Дәптермен жұмыс. 1. Жаңылтпашты жатқа жазу.
2. Өздігінен өзі білетін қыстық бас киімдердің атын
жазу. (бөрік, малақай, тымақ т. б
Бекіту.
– Суретке қарап қысқы киімдердің түрлерін атап көріңдерші?
(әр түрлі қыстық, жаздық киімдер суреті)
– Осы сөздермен сөйлем құра.
– Бүгінгі сабақта біз қандай жұмыстар істедік?
– Балалар, осы мысалдан өзіңе қандай үлгі алдыңдар?
Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.
 
			 
		











