№ 6 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Сәулелену.Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу мысалдары.

0
1272
схемы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: сәулелену құбылысын және оның ерекшеліктерін түсіндіру, жылу берілу түрлерін салыстыру; табиғаттағы және техникадағы жылу берілу құбылыстарына мысалдар келтіру.

  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі :

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

Дененің ішкі энергиясы дегеніз не?

Қандай жағдайда дененің і шкі энергиясы өзгереді?

Қандай құбылыс жылу берілу деп аталады? Жылу берілудіңтүрлерін ата ң дар.

Ыстық суға салғанда суы қ метал қасықтың қ ызу кұбылысының физикалық мэнін ашып корсетіңдер.Осы кезде зат тасымалы жүре ме?

Қандай заттардың жылу ө ткізгіштігі жоғары, қ андай заттардың жылу өткізгіштігі нашар?

Неліктен деформация кезінде оның ішкі энергиясы өзгереді?

Конвекция құ былысы дегеніміз не? Осы құбылысты түсіндіріндер.

Конвекция қ андай ортада жүред і ? Неліктен?

Конвекция кұбылысының жыл у өткізгіштіктен айырмашылы ғ ы неде?

Конвекция қандай күштердің әсерінен жүреді?

Еріксіз конвекция дегеніміз не? Қ андай жағдайда оны қолданады?

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

Жанып тұрған алаудын жанындағы жылуды сезіну. Сәуле шығару арқылы энергияның тасымалдануы. Сәуле шығару арқылы вакуумде де энергияның тасымалдануы. Кез келген температурадағы денелердің жылу шығаруы. Дене температурасы жоғары болғанда сәуле шығару интенсивтілігінің жоғары болуы.

Түскен сәулелерді денелердін жұлып алуы және сәулелену энергиясының ішкі энергияға айналуы. Сәулелену энергиясының денелерден шағылуы.

Қара денелердің сәулелену энергиясын жақсы жұтуы.

Денелердің сәулелену энергиясын жұту қабілеттерінің әр түрлі мақсаттарда қолданылуы (әуе шарлары мен самолет қанаттарының күміс түстес болуы; денелерді қатты қыздыру үшін қара түске боялуы, мысалы Жердің жасанды серіктеріндегі приборлар).

Сәулелену арқылы энергия берілудің жылу берілудің басқа түрлерінен айырмашылығы.

елдің (күндізгі және түнгі бриз) пайда болуын түсіндіру. Тұрғын үйлерді жылыту схемасы. Жылу берілу түрлерін салыстыру.

Т ә жірибе көрсету. Сәулелену арқылы жылу қабылдағыш ішіндег і ауаның қ ызуы (3-сурет).

VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

а) §7,8 сұрақтарын талдау.
Сұрақтарға жауап беріңдер.

1) Күннің энергиясы Жерге жылу берілудің қандай түрі арқылы беріледі? Неліктен бұл жағдайда жылу берілудің осы түрі ғана мүмкін?

2) Жылулық сәуле шығарудың көздері.Қандай денелер жылуды жақсы жұтады? Қайсылары нашар?

б) кысқаша тест (10 мин)

1. Жылу берілудің қандай түрі зат тасымалы арқылы жүреді?

А.Сәулелену.Б.Конвекция.В. Жылу өткізгіштік.

2.Стерженьді бір жақ ұшынан жалында қыздырады. Дұрыс ұйғарымды таңдаңыз.

А. Стержень бойымен жылудың берілуі конвекция арқылы жүреді.

Б. Стержень бойымен а ш ы лудың берілуі сәулелену арқылы жүреді.

В.Металл стержень өлшемі д ә л сондай ағаш таяқшасына қ арағанда жылдам қ ызады.

З.Күннен Жерге э нергияның берілуі қ андай жо л ме н жүреді? Дұрыс ұйғарымды таңдаңыз.

А.Сәуле шығару. Б. Конвекция. В. Жылу өткізгіштік.

4. Тік орн ат ыл ған жабы қ түтікше сумен толтырыл ғ а н . Түтікшені ң бір ұ шын от жа л ынында қ ыздырады. Дұрыс уйғарымды таңдаңыз.

А.Жоғары жақтан қыздырғанда түтікшенің ортасындағы су төменгі жақтан қыздырғанға қарағанда жылдам қызады.

Б. Жоғары жақтан қыздырғанда түтікше бойымен жылу берілу жылу өткізгіштік арқылы жүреді.

В. Түтікшені төменгі жақтан қыздырғанде түтікше бойымен жылу берілу конвекция арқылы жүреді.

5. Ыстық шайдың ішіне салқын қасықты салады. Дұрыс үйғарымды таңдаңыз.

А. Қасы қт ың шайға батырылмаған бөлігі конвекция н ә тижесінде қызады.

Б. Қасықтың шайға батырылмаған болігі сәулелену н ә тижесінде қызады.

В. Қасықтың шайға батырылмаған бөлігі жылу өткізгіштік н ә тижесінде қызады.

6. Стол үстіндегі қыздыру шамы бар жар ық тандыр ғыш ты қ осқан кезде столда жатқаи кітап қ ызды.

А.Кітап ауадағы конвекция н ә тижесіыде қ ызды.

Б.Кітап сәулелеиу әсерінен қызды.

В. Кітап қабықшасы неғұрлым ақшыл болса, соғұрлым қатты қызады.

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

4-жаттығу

VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §7,8; 4-жаттығу.