§6.3.Натрий және калий.

0
1903
науки информатики

Тақырыбы

§6.3.Натрий және калий.

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық

тәрбиелік:

Оқушыларға натрий ,калийдің атом құрылысы,қасиеттері,қолданылуы,алынуы туралы білімді қалыптастыру; натрий ,калийдің қасиетінің атом құрылысына байланыстылығын түсіндіре білу біліктілігін дамыту,салыстыра білу,есеп шығара білу дағдысын ,реакция теңдеуін құрастыра білу біліктіліктерін дамыту, қорытынды жасау,жүйелеу, сөздік қорын молайту білім-білік дағдыларын дамыту. сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақ типі:

Аралас сабақ

Сабақ өткізілу түрі:

Кітаппен өз бетінше жұмыс жасау,мұғалімнің толықтыруы, жаттығулар орындау,оқушылардың қорытынды жасауы,10-ЕТЖ-1 жұмыс істеу. 9-Б-1көру

Құралдар мен реактивтер:

Кітап, дәптер, интерактивті тақта ,10-ЕТЖ-1, 9- Б -1

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.) -сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ; -оқушыларды психологиялық дайындау. Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты: -үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ; -білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ; -кеткен кемшіліктерді жою. 1. Үй тапсырмасын тексеру(бір-бірін тексеру).

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау. Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою. Білімділік міндеттері: -оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру. -оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға; – оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі. 2.Оқыту проблемалары: Натрий және калий.

Білімді жаңғырту. (Актуализация ): А бағдарламасы: s- элементтердің атом құрылысын,кристалл торларынының ерекшеліктеріне сипаттама бер. Сілтілік металдардың физикалық қасиеттері кристалл құрылысына қалай тәуелді? В бағдарламасы: Сілтілік металдарды атаңдар? Олардың ішінде қайсысы неғұрлым белсендірек? Неге? Олардың қасиеттері қандай ?

2-3

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

Білімділік міндеттері: -оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету; -нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу; – оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету; -түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету; -оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету. Жаңа сабақты түсіндіру: 1.Оқушылармен жұмыс: ( кластер бойынша) – атом құрылысы, электрондық формуласы – дәптерге өз бетінше жұмыс істейді; –табиғатта кездесуі- мұғалімнің түсіндіруі: Барлық элементтер арасынан натрий табиғатта кездесуі бойынша алтыншы орын алады.Олар өте белсенді болғандықтан, табиғатта тек қосылыс күйінде болады.Жер қыртысында натрий далалық шпат және гранит құрамына кіреді.Тау жыныстары желдің әсерінен мүжілгенді натийдің ерімтал қосылыстары түзіледі,ол теңізге ,мұхиттарға дейін жетеді.Саяз сулышығанақ теңізден бөлінгенде ондағы құрғақ климаттың әсерінен қарқынды булану жүредіде теңіздің тұздары концентрленеді. Шығанақтар тұзды көлге айналады.Осындай көлдерден жүз мыңдаған жылдар бұрын галит NaCl деп аталатын тас тұздардың шөгінділері түзілген.Қазақстанда көптеген тұзды көлдер мен тастұздарының шөгінділері бар.Олар натрий хлоридін өндірудің негізгі көздері болып табылады.Оның ең мол қоры –Каспий ойпатында,Арал маңында,Ертіс өзенінің жағалауында. Казахстанда Na 2 SO 4 *10H 2 O мирабилиттің ірі кен қорыбар.Іле ойпатында және Балхаш маңында содалық көлдер бар, оларда натрий карбонаты болады. Калий.

Калий – табиғатта кездесуі бойынша жетінші орын алады. Тас тұздардың шөгінділерінің жоғары қабатында калий тұздары болады. Калий тұздары өзіне тән ерекшеліктермен ерекшеленеді-олар топыраққа жақсы сіңеді.Құрғап қалған ертедегі теңіздер мен көлдердің орнынан сильвинит NaCl*KCl, сильвин KCl , карналлит KCl*MgCl 2 *6H 2 O миералдарын өндіреді.Калий тұздарының кен орындары Батыс Қазақстанда шоғырланған. Натрий мен калийдің табиғи қосылыстары тірі организм үшін маңызы зор.Организмде калий мен натрий иондарының атқаратын маңызы зор ,олардың жетіспеуінен организмдегі кейбір процесстер бұзылады

–физикалық қасиеттері:күмістей жылтырған ақ түсті металл,кескенде жалтырайды калий ашық күлгін түс бередіАуада тез тотығады Оларды қалай сақтайды?

–химиялық қасиеттері –мұғалімнің түсіндіруі: Бұлар типтік металдар. Химиялық белсенділігі неге байланысты?

***Барлық дерлік бейметалдармен: 2 Na + S—-Na 2 S 2 Na + H 2 —-2NaH 2Na + 2H 2 O—-2NaOH + H 2 –Өндірісте алынуы: 19 ғасырдың басында барлық ғалымдар электр тоғын пайдалана бастағанда ғағна натрийді бос күйінде алу мүмкін болды. 1807 жылы ағылшын ғалымы Дэви электролиз арқылы натрий гидроксидінің балқымасынан металл натрийді бөліп алды.Калийді бұл әдіспен алуға болмайды. Оны калий хлориді мен калий гидроксидінен натриймен ығыстыру арқылы алады. –қолданылуы: Кітаппен өз бетінше жұмыс істеу: 6.3кесте ( 158бет) — калий және натрий иондарын анықтау: ионы натрий жалынның түсін сары түске бояйды, калий ионы – күлгін түске..

13-14

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын алғашқы тексеру кезеңдері:

Білімділік мақсаты: – оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау; -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау; – кеткен кемшілікті жою жұмыстары; Дәптерге жазу:қорытынды * натрий және калий типтік металдар, күшті тотықсыздандырғыштар; *химиялық белсенділігі жалғыз электронының ядромен әлсіз байланысуында; * натрий және калий қосылыстары табиғатта кең тараған; * натрий және калий иондары тірі организмде көптеген процестерге қатысады.

2-3

Білімді жүйелеу және қорытындылау

Білімділік міндеттері: – оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау; -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау; – кеткен кемшілікті жою жұмыстары; 1. 10-ЕТЖ-1жаттығу орындау.62бет,3-нұсқа №1-5.

5-7

Бақылау және өз бетінше бақылау:

Білімділік міндеттері: – оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау; -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау; – кеткен кемшілікті жою жұмыстары Жаттығуларды тексеру

2-3

Үй тапсырмасын беру кезеңдері:

Білімділік міндеттері: -оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету 1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар Параграф 6.3- оқу . № 1-3 – бірінші деңгей, 4-7 – жазбаша (158бет)

1. «Б.А.Бірімжанов» туралы хабарлама дайындау. 2. Күнделікке жазғанын тексеру

1-2

Сабақ қорытындысын шығару:

– жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою

1-2

Рефлексия кезеңі

Білімділік міндеттері: -оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру. -оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.Өздерің сабақта не істеп үлгердіңіздер?Сыныптастарыңызға немен көмектесе алдыңыздар. қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай? Сабақтың қай кезеңі ұнады?

1-2