28-ші сабақ
Сабақтың тақырыбы: 5 саны және цифры. Бесбұрыш.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: 5 санының құрулуымен, 5 цифрынын жазылуымен және құрамымен таныстыру; оқушылардың бесбұрыш және оның белгілері туралы түсініктерін қалыптастыру.
2.Дамытушылық: Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту;
3.Тәрбиелік: Жылдамдыққа ,бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап
Пәнаралық байланыс: еңбек
Сабақтың көрнекіліктері: Демонц. материал, кеспе цифрлар,
геометриялық фигуралар.
Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Психологиялық дайындық
Күн, ауа, жер, аспан
Маған, саған, біздерге
Бақыт, махаббат, жақсылық тілейміз.
ІІІ.Қайталау.
5 саны және цифрымен таныстыру алдыңғы сабақтардағы жаңа сандармен таныстыруға арналған сабақтарға ұқсас ұйымдастырылады.
1. «Кім жылдам?» ойыны . Тақтаға алдын ала мысалдар жазылып қойылады. Оқушылар қатар бойынша жарысады.
1+3 2+2 4-3
4-2 1+ 2 3+1
2. «Отыр -тұр »ойыны.
-Егер қосынды 4-ке тең болса, отырады, 3 ,2 -ге тең болса тұрады.
3+1 (отырады)
(тұрады)
ІV.Жаңа сабақ.
-Балалар, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы туралы айтайық.
(оқушылардың жауаптары)
*ҚР -ның Мемлекеттік Елтаңбасында шаңырақ бейнеленген
*Шаңырақты айнала уықтар шаншылған .
*Уықтарды пырақтардың қанаты көркемдеп тұр.
*Елтаңбаның төменгі жағында «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу бар.
* Елтаңбаның жоғарғы жағында 5-жұлдыз орналасқан.
-Неге жұлдызды 5 жұлдыз дейді? Канеки, бұрыштарын санайық. (жұлдыздың бесбұрышы бар екеніне көз жеткіздік.)
-Балалар, әрқайсысыңның алдарында 5-тең үшбұрыштар жатыр. Канеки осы геометриялық фигуралардан 5 жұлдыз құрастырайық.
V.Оқулықпен жұмыс .
5 цифрының жазылуымен таныстыру. Ауада жаздырып, содан кейін дәптерге түсіру.
№ 1 ауызша орындау.
VІ.Сергіту сәті
Жалғыз саусақ тіпті де
Ұстай алмас жіпті де
Екі саусақ бірікті
Қолға ине ілікті
Үш саусағым оралды.
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен үш саусақ
Қала салсақ, жол салсақ .
VІІ.№2 «Үйге орналастыр» деген тапсырманы тақтаға шығып орындау.
Өздік жұмыс. №2 -40 беттегі берілген сандар бойынша заттарды бояу.
№3 -ші тапсырманы мұғалімнің көмегімен орындау.
«Көршіні тап » ойынды жүргізу.
VІІІ.Сабақтың қорытындысы: қорытынды түрінде №5-49 бет ауызша орындалады.