§4.5.Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы. Ле-Шателье принципі.

0
1912
явления

Тақырыбы

§ 4.5.Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы. Ле-Шателье принципі.

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық:

тәрбиелік:

«Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы Ле-Шателье принципі » химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әсер ететін факторлар, Ле-Шателье принципі туралы алған білімдерін ары қарай жетілдіре отырып, білімді қалыптастыру;

Ле-Шателье принципін есептер шығаруда қолдана білу, түсіндіру, есте сақтау,көңіл аудару қабілеттерін дамыту;

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақ типі:

Жаңа сабақ .

Сабақ өткізілу түрі:

Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу,жаттығулар орындау , 11-Б-2 көрсету .

Құралдар мен реактивтер:

интерактивті тақта, 11-Б-2

Ұйымдастыру

кезеңі:

( Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау. )

– сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

– оқушыларды психологи ялық дайындау.

Амандасу . Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі :

Сабақтың білімділік мақсаты:

– үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

– білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

– кеткен кемшіліктерді жою.

Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.

(Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

– оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

2.Оқыту проблемалары:

Химиялық реакцияның тепе-теңдіктің ығысуы.

1.Білімді жаңғырту:

Жеке сұрақтар қою:

* Химиялық реакциялар бірдей жағдайда жүре ме?

* Химиялық реакциялардың жылдамдығына не әсер етеді?

* Химиялық тепе-теңдік неге динамикалық деп аталады. ?

* Химиялық тепе-теңдік константасы деген не?

3-4

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

Білімділік міндеттері:

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;

– оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды

шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

– оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

2.Мұғалімнің түсіндіруі:

.Сыртқы жағдай өзгермейінше, жүйенің тепе- теңдік күйде болады.

* концентрацияның әсері:

Қайтымды реакциялар қарастырсақ ,бастапқы заттардың концентрациясын арттырсақ ,әрекеттесуші массалар заңы бойынша тура реакцияның жылдамдығы артып, ал кері реакция жылдамдығы өзгеріссіз қалады.Тура бағыттығы реакция жылдамдау жүреді.Осының нәтижесінде бастапқы заттардың концентрациясы кеміп,тура бағыттағы реакция ақырындайды,бірақ реакция өнімі өседі де кері бағыттағы реакция жылдамдайды.Белгілі уақыттын кейін тура және кері бағыттағы реакция жылдамдығы теңеседі,жаңа тепе теңдік орнайды.Концентрацияның өзгеруімен тепе –теңдіктің бұзылуы тепе-теңдіктің ығысуы деп аталады. * қысымның әсері:реакцияға газдар қатысқанда қысымның өзгеруімен тепе –теңдік те өзгереді.Егерде температураны өзгертпей жүйенің көлемін 2 есеге дейін кішірейетіндей етіп қысымды жоғарылатсақ .Алғашқыда барлық газдардың концентрациясы мен көлемі екі есеге өседі,бірақ тура және кері реакциялардың жылдамдығы өзгеріп,тепе –теңдік бұзылады.

* температураның әсері: температура өзгергенде көптеген химиялық реакциялардың жылдамдығы ығысады.Химиялық реакцияның тепе-теңдігінің ығысуын анықтайтын фактор реакцияның жылу эффектісі.Температураны жоғарылатқанда тепе-теңдік эндотермиялық бағытқа ,ал төмендеткенде экзотермиялық бағытқа ығысады.

Ле-Шателье принципі:

Егер тепе-теңдік күйдегі жүйеге сыртқы ортамен әсер еткенде, тепе-теңдік сыртқы ортаны әлсірететін бағытқа ығысады.

15-16

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1. – оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

– кеткен кемшілікті жою жұмыстары; –

10-ЕТЖ-1 дәптерімен жұмыс орындау №1-4, 51бет

2-3

Білімді қорытындылау және жүйелеу:

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

Қорытынды:

Осының нәтижесінде бастапқы заттардың концентрациясы кеміп,тура бағыттағы реакция ақырындайды,бірақ реакция өнімі өседі де кері бағыттағы реакция жылдамдайды.

* Концентрацияның өзгеруімен тепе –теңдіктің бұзылуы тепе-теңдіктің ығысуы деп аталады

* Егерде ,температураны өзгертпей жүйенің көлемін 2 есеге дейін кішірейетіндей етіп қысымды жоғарылатсақ.

*Температураны жоғарылатқанда тепе-теңдік эндотермиялық бағытқа ,ал төмендеткенде экзотермиялық бағытқа ығысады.

* Егер тепе-теңдік күйдегі жүйеге сыртқы ортамен әсер еткенде, тепе-теңдік сыртқы ортаны әлсірететін бағытқа ығысады.

Дәптерге жазу .

6-7

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі:

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

Жаттығуды тексеру.

3-4

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

параграф 4. 5 № 3–7 жазбаша орындау. (116бет)

1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

– жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.

1-2