§4.3.Химиялық реакцияларға өршіткінің әсері.

0
2028
кабинет

Тақырыбы

§ 4.3.Химиялық реакцияларға өршіткінің әсері.

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық:

тәрбиелік:

«Химиялық рекация жылдамдығына өршіткінің әсері» туралы алған білімдерін ары қарай жетілдіру, химиялық реакция жылдамдығыына әсер етуші факторлар, әсер етуші массалар заңы туралы және Вант-Гофф ережесін түсіндіре отырып, білімді қалыптастыру;

Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер етуші факторларды түсіндіре білу,қорытындылау.

химиялық рекация жылдамдығына өршіткінің әсеріне байланысты реакция жылдсамдығын анықтай білу, есте сақтау,көңіл аудару қабілеттерін дамыту;

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақ типі:

Жаңа сабақ .

Сабақ өткізілу түрі:

Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу,жаттығулар орындау , 11-Б-2 көрсету .

Құралдар мен реактивтер:

интерактивті тақта, 11-Б-2

Ұйымдастыру

кезеңі:

( Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау. )

– сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

– оқушыларды психологи ялық дайындау.

Амандасу . Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.

(Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

– оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

2.Оқыту проблемалары:

Химиялық реакцияға катализатордың әсері

1.Білімді жаңғырту:

Жеке сұрақтар қою:

* Химиялық реакциялар бірдей жағдайда жүре ме?

* Химиялық реакциялардың жылдамдығына катализатор қалай әсер етеді?

3-4

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

Білімділік міндеттері:

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;

– оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды

шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

– оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

2.Мұғалімнің түсіндіруі:

Химиялық реакцияның жылдамдығын өзгерте алатын,бірақ реакция өнімдерінің құрамына кірмейтін заттарды катализатор(өршіткі) деп атайды.

Көптеген химиялық реакцияларға катализатор әсер етуі мүмкін.

Катализатордың ерекше сипаты,олар әрекеттесуші қоспада аздаған мөлшерде болсада реакцияны жылдамдатады.Мысалы,ОоС кзінде секундына 100 000 моль сутек пероксидін ыдырату үшін л моль биологиялық катализатор (каталаза ферменті) жеткілікті.

Катализатор қатысында реакция жылдамдығының өсу құбылысын катализ деп атайды .

Химиялық реакция жылдамдығын баяулататын заттарда бар.Олар тежегіштер (ингибиторлар) деп аталады. Бұл заттар әр түрлі химиялық процестерді тежейді,мысалы металдардың жемірілуі,тамақ өнімдерінің,отындардың және жағармайдың тотығуы,мономерлердің полимерленуі.

Кейбір реакциялар үшін бастапқы реагенттер немесе реакция өнімдері катализатор болады.Мұны автокатализ деп атайды. Катализатор қатысында жүретін реакциялар катализдік реакциялар деп аталады.

Гомогенді және гетерогенді катализдік реакциялар.

Гомогенді катализде әрекеттесуші заттар мен катализатор бірдей агрегаттық күйде болады.Бұл жағдайда катализатор мен әрекеттесуші заттар арсында бөліну беті болмайды.Гомогенді катализге мұнаралы жолмен күкірт қышқылын алууда күкірт(4) оксидін азот оксидімен катализдік тотықтыру жатады: кат

2SO2+O2 D 2SO3

Гетерогенді катализде әрекеттесуші заттар мен катализатор әртүрлі агрегаттық күйде болады.Мысал катализатор көбінесе қатты,ал әрекеттесуші заттар газтектес,сұйық заттар болуы мүмкін. Гетерогенді катализде барлық реакциялар катализатор бетінде жүреді.Сондықтан қатты катализатордың белсенділігі оның бетінің қасиеттеріне де тәуелді.

Гомогенді катализ аралық қосылыстар теориясымен жақсы түсіндіріледі.

А+В = АВ

А+К = АК

АК+В = АВ+К

Екі процесті қосса,онда жылдам жүретін реакцияның ақтық теңдеуін аламыз.

А+К = АК

АК+В = АВ+К

А+В = АВ

Гетерогенді катализді түсіндіру үшін катализдің адсорбциялық теориясын қолданады. Газтектес,сұйық заттардың басқа қатты заттардың бетінде топтасуын адсорбция деп аталады.Бетінде адсорбция жүретін заттар адсорбенттер деп аталады.

15-17

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1. – оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

– кеткен кемшілікті жою жұмыстары; –

10-ППР-1 дәптерімен жұмыс орындау №1-4, 51бет

2-3

Білімді қорытындылау және жүйелеу:

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

Қорытынды:

КАТАЛИЗ-БҰЛ КАТАЛИЗАТОР АРҚЫЛЫ РЕАКЦИЯНЫ ЖЫЛДАМДАТУ .

КАТАЛИЗАТОР ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯНЫ ЖЫЛДАМДАТАДЫ ,БІРАҚ ӨЗІ РЕАКЦИЯҒА ҚАТЫСПАЙДЫ.

РЕАКЦИЯ ЖЫЛДАМДЫҒЫН ТЕЖЕЙТІН ЗАТТАРДЫ ИНГИБИТОРЛАР ДЕП АТАЙДЫ.

Дәптерге жазу .

6-7

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі:

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

Жаттығу тексеру.

3-4

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

параграф 4.3. № 1-5–ауызша орындау. (109бет)

1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

– жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.

1-2