№ 25 сабақ. Сабақтың тақырыбы:Кіріспе. Денелердің электрленуі. Электр заряды. Зарядтың сақталу заңы. Электроскоп.

0
915
биология

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: денелердің злектрлену құбылысын түсіндіру; денелер мен материя бөлшектерінің ерекше қасиеті ретінде электр зарядына анықтама беру; электр зарядының сақталу заңының тұжырымдамасын беру; қарапайым электроскоптың құрылысы мен жұмыс істеу прииципі туралы әңгімелеу,зарядталған денелердің электр өрісі арқылы әсерлесуі жөнінде түсіндіру.

  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі :

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

Үй тапсырмасын тексеру.

Жiпке iлiнген электрленген эбонит таяқшаға зарядталған резина, плексиглас, пластмасса, капрон және т.б. заттарды жақындатқанда оларға эбониттiң бiрде тартылатынын, ал бiрде тебiлетiнiн көремiз. Осы тәжiрибелер табиғатта электр зарядының екi тегi болатындығын көрсетедi.

Жiбекке үйкелген шыныда пайда болған заряд тегi оң (+) деп, ал жүнге үйкелген янтарьда пайда болған зарядты терiс (–) деп атаған. Ал әрқайсысына q 2 оң заряд берілгенде жіптер вертикальдан α 2 ауытқиды (в-сурет). q1 және q 2 зарядтың қайсысы үлкен? Осы тәжiрибелер табиғатта электр зарядының екi тегi болатындығын көрсетедiЗаттардың электрленуiн бақылау үшiн жүргiзiлген тәжiрибелер нәтижесiнде барлық заттардың электрлену тегіне қарай қатарларға қоюға болатындығы анықталды. Мұндай қатарда бiрiншi дене екiншiсiне үйкелгенде оң, ал екiншiсi терiс зарядталады. Мысалы, сондай қатарлардың бiрi мынадай: қоян терiсi, шыны, кварц, жүн, жiбек, мақта, ағаш, янтарь, каучук.

VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

. 1) § 28,29 сұрақтарын талдау.

2) 6-суретте екі бірдей жіпке ілінген гильза (а-сурет) көрсетілген. Гильзалардың әрқайсысына q1, оң заряд берілгенде жіптер вертикальдан α1 бүрышқа ауытқиды (б-сурет),

VІІ.ДК.Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу:

VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §29

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь