Мақсаты: Мәтінді мәнерлеп оқуға, мазмұнын айта білуге дағдыландыру. Сөйлеу дағдысын, тіл байлықтарын дамыту. Адамгершілікке, достыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену
Түрі: аралас
Көрнекілік: оқулық, сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Түлкі мен тиін» ертегісін оқыту. Мазмұндату.
ІІІ. Өткенді пысықтау. ертегі не туралы? Түлкінің ісін құптайсың ба? Кейіпкерлерге мінездеме беріңдер.Сергіту сәті
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Ү. Жаңа сабақ: 1.Автор туралы түсінік беру. 2. Мұғалім түсіндірмесі. /Найзағай қалай пайда болады?/. 3.Мәтінді оқып, таныстыру,талдау. Сөздік жұмыс. Жаны түршіккен- шошып кеткен, қатты қорыққан. Оқулықпен жұмыс. Іштей оқыту. Тізбектей оқыту. Рөлге бөліп оқыту.
ҮІ. Түсінгендерін сұрау: Мәтіннен жаңбыр құйған сәтті тауып оқы. Найзағай жарқылдаған тұсты тауып оқы. Әңгімеден жаңбырдан кейінгі әст суреттелген тұсты тауып оқы.
ҮІІ. Бекіту. Суретпен жұмыс жүргізу.«Өрт-тілсіз жау» тақырыбына ойша сурет салдыру.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Мәнерлеп оқу, мазмұндау. Бағалау