№123. Бөлімді қайталау. Тест

0
675

Мақсаты: 1.Тарауды қайталай отырып сөздік қорын жетілдіру.2. Жан-жақты ойлауға үйрету қабілетін дамыту.3. Әдептілікке инабаттылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: тест

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгіме, тест

Сабақтың көрнекіліктері : кестелер, суреттер

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. «Досыма хат» мәтінің сұрау.2. Топпен жұмыс

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1. Көп түктенің орнына тиісті сөздерді қой.Сылдыр қағып, Таудан құлап . Жатыр ағып Мөлдір ….

А) құрақ Ә) бұлақ Б)арық В)теңіз

2. Таудан аққан бұлақ суреттелетін шығарманы ата.

А) Ж.Жабаев «Алатау» Б) С.Венчели «Дельфин»

Ә) С.Сейфуллин «Көлде» В) Ш. Смаханұлы «Бұлбұл мен тоқылдақ»

3. Балықтың

А) Бақырып Ә) Ақырып Б) Жүгіріп В) Шоршып

4. Ауызынан дәм кетпейтін тіркесінің мағынасын анықта:

А) өте ащы Ә) өте тұщы Б) өте дәмді В) өте жұмсақ

5. Мақал-мәтелді дұрыс аяқта:

Сулы жер – …..

А) құнарлы жер Ә) нулы жер Б) таулы жер В) қорлы жер

6. «Найзағай» сөзіне мағынасы жуық сөзді ата.

А) жасын Ә) жалын Б) бұршақ В) жаңбыр

7. Бөлімдегі киелі құс суреттелген шығарманы ата.

А) Ш.Смаханұлы «Бұлбұл мен тоқылдақ» Ә) С.Сейфуллин «Көлде»

Б) С. Көбеев «Түлкі мен қырғауыл» В) Ж.Жабаев «Алатау»

8. Бөлімдегі табиғат апаты туралы әңгімеленген шығарманы ата.

А) Ә.Асылбеков «Түлкі мен тиін» Ә) С.Сейфуллин «Көлде»

Б) Ш. Айтматов «Жау шапқанда» В) Л. Толстой «Өрттен құтқарушы иттер»

ІҮ. Қорытындылау