№ 107. Тақырыбы: Бала Абай

0
709
кабинет

Мақсаты : Оқушыларға Абайдың балалық шағынан мағлұмат беру. Кейіпкерлерге мінездеме беру мен түр тұлғасын сипаттаудың ерекшелігін меңгерту. Танымдық қабілеттерін дамыту. Мәтінге берілген сұрақ-тапсырмалар арқылы оқу әрекеттерін арттырып, белсенділікке дамыту.Зеректікке, білімді, ғылымды сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілік: суреттер.

Әдісі : сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Түрі: қайталау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Бала Абай

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Бала Абай.Тізбектей оқу

ІІІ. Білімдерін тексеру: Әңгіме кім туралы екен? Абай кім? Абай неге үйден шықпайтын болды? Абай әжесінен әңгіме тілегенін қалай білдіруші еді? Абай тағы кім әңгіме айтатын? Бірде Абайлардың үйіне кім келді? Барлас ақын Абайға неліктен ұнады? Ақын қандай жырды жырлады? Жыр Абайға қалай әсер етті? Қонақтарды Абай неліктен жібергісі келмеді? Мәтінді үш бөлікке бөліп, ат қою. Бала Абай, ақындардың келуі, Ақындар батасы. Абайдың түрін сипаттайтын жерін тауып оқу. Дәптермен жұмыс.Ертегі, елтіп тыңдады, ұғымтал, зерек, ойлы сөйлем құрастыру.

ҮІІ.Сабақты қорыту.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Оқу, мазмұныағалау