10 саны. Бір таңбалы жэәне екі таңбалы сандар. Сандар қатары

0
921

49-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 10 саны. Бір таңбалы жэәне екі таңбалы сандар. Сандар қатары

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: 10 санының құрылуымен таныстыру және «біртаңбалы ,екітаңбалы сандар» ұғымын қалыптастыру

2.Дамытушылық: Оқушының зейінін , зерде үрдістерін, пәнге қызығушылығын , жүйелі ойлау қабілетін дамыта отырып, шапшаңдық, жылдамдық, көрегендік қасиеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Есептеу дағдыларын күнделікті тұрмыста қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: ойын

Сабақтың түрі : Саяхат сабақ

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу

Сабақтың көрнекіліктері: сандар , сюжетті суреттер,

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Психологиялық дайындық .

Әрбір адам -туысым , досым, жұрағат,

Әрбір сабақ -үйрену, ұғу, ұлағат

Әрбір ісім -тіршілік, тірек, адамдық,

Әрбір сөзім -шындық, бірлік, адалдық.

ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

Оқушыларды бүгінгі сабақтың барысымен және мақсатымен таныстыру.

-Балалалр, біздің еліміз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасы.

-Ұлтымыз қалай аталады?

-Қазақ.

– Мейрамда біз де саяхатқа шығайық.Нағашы ауылына қонаққа барайық. Алдымен саяхатқа әзірліктеріңді тексеріп алайын.

8 +1 9-1 6+3 9-3

7+2 9-2 5+4 9-4

IV. Жаңа материалмен таныстыру

А) 10 дегеніміз қандай цифралардан тұрады? (1 және 0)

10 -екітаңбалы сан. Барлық сандар 10 саны сияқты 0, 1,2,3,4,5,6,7,8,9 цифраларынан

Ә) Суреттермен жұмыс .

Үйректерді санап ,жауап береді.

10 дегеніміз 9 және 1 немесе 1 және 9.

9+1 =10 10-9=1 10-1=9

Б) 1 дм-де 10 см бар . 1 см жолақшаны жалғастрып, 10 рет бойлай алып, 10 см =1дм,, теңдігін құрал арқылы түсіндіру.

В)

Біртаңбалы сандар екітаңбалы сандар

V. Оқулықпен жұмыс №1 — 83 бет, дәптерге орындау -21 бет

VІ. Өткен материалмен жұмыс. №2- 84 бет

VIІ. Сергіту сәті

Тамшы болып тамайық,

Арықпен бірге ағайық.

Көлшік болып жиналып,

Күнге қолды бұлғайық.

Күн көзімен құрғайық.

Бу боп аспан төрінде

Бұлттар санын құрайық

Бұлттан жаңбыр сөгілер,

Жер әлемге төгілер.

VIIІ.Ауызша жұмыс№3 -84 бет,

Оқулықтағы №4 дәптерге орындау

1.Сол жақта сиырлар мен бұзаулардың суреті салынған. Оларды санайық. Бұлардан қандай өрнек құрастыруға болады?

2.Оң жақтағы жылқылар мен құлындардың суреті берілген.

Қандай өрнек құрастыруға болады?

3.Оң және сол жақтағы суреттерін санын салыстырайық. Ол үшін қатар екі өрнек жазамыз да , салыстыру (« >» , «<») таңбаларын қоямыз . Қандай таңбаны қою керек, неліктен? Теңсіздікті оқыту.

№5 тапсырма кеңістікті елестету , заттардың белгілерін бөліп алу, салыстыру дағдыларын дамытуға арналған.

Дәптермен жұмыс

10 санын әдемі етіп жазу. №3 -22 бет /салыстыру/

6 * 7 6 * 6 +1 9-3 * 9-4

3 *4 8* 8 -3 10 -1 * 10 -2

10 * 9 10 * 9+1

ІХ.Өздік жұмыс . №5-22 бет

Х.Сабақтың қорытындысы.

-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Сабақта не істедік?

-Қандай тапсырма қиын болды?

ХІ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.