Қысқы демалыс. Сапалық және қатыстық сын есім.

0
960
школьница

Сабақтың тақырыбы: Қысқы демалыс. Сапалық және қатыстық сын есім.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

сапалық және қатыстық сын есімді түсіндіру , сауатты жазуға

және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, суретпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сапалық және қатыстық сын есімді меңгеру, қысқы демалыс туралы

өз ойын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

2 – тапсырма («Абай Құнанбаев» мәтінін мазмұндау)

ІІІ. Жаңа сабақ

1– тапсырма. Диалогты оқып, толықтырыңдар. Сурет бойынша диалог құрыңдар.

2– тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей

1. Ережені жатқа айтып беріңдер.

2. «Қыс» тақырыбына 10 сын есім жазып, олармен сөз тіркестерін құраңдар.

ІІ деңгей

1. Сын есім жұрнақтарының жасалу жолдарын түсіндіріңдер. Мысалдар келтіріңдер.

2. Сын есімдерді пайдалана отырып, балалардың қысқы демалысы туралы айтып беріңдер.

І деңгей

1. Сын есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығын көрсетіңдер.

Ережемен жұмыс

Сын есім мағынасына қарай екі түрге бөлінеді:

1. Сапалық сын есім: қызыл, қысқа, т.б.

2. Қатыстық сын есім: ақылсыз, бақытты, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

2 – тапсырма (Деңгейлік тапсырмаларды орындау)

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау