Ықтималдық теориясы туралы түсінік және математикалық статистика.

0
1277

Сабақ №16

Пән: алгебра

Сынып: 8

Сабақ тақырыбы: Ықтималдық теориясы туралы түсінік және математикалық статистика.

Сабақ типі: жаңа материалды меңгеру

Түрі: практикалық

Сабақ мақсаттары:

1. білімділік – Оқушыларды «кездейсоқ оқиға», «ықтималдық» ұғымдарымен таныстыру.

2. дамытушылық – логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру;

3. тәрбиелік – оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта.

Сабақ әдістері: ауызша, көрнекілік, өз бетімен жұмыс, топпен жұмыс.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру.

2. Жаңа білімді игеруге дайындық. Қайталау.

1. График.

2. Диаграмма.

3. Бағанды диаграмма.

3. Жаңа материалды меңгеру.

Белгілі бір жағдайда орындалатын немесе орындалмайтын құбылыстарды кездейсоқ оқиғалар деп атайды. Берілген шарт бойынша міндетті түрде орындалатын оқиға ақиқат оқиға деп аталады. Ал берілген шарт бойынша орындалмайтын оқиғаны мүмкін емес оқиға деп атайды.

Келесі оқиғалардың қайсысы «кездейсоқ оқиға», «мүмкін емес оқиға», «ақиқат оқиға» екенін анықтайық..

– а, к, и, т, а, м, е, т, а, м әріптерін кездейсоқ тергенде, «математика» сөзінің құрылуы.

– Сенбі күні таңертең №17 троллейбустың кешігуі;

– Тиынды бер рет лақтырғанда, елтаңба бетінің түсуі;

– Ойын кубигін бір рет лақтырғанда, 1, 2, 3, 4, 5, 6 сандарының біреуінің түсуі;

– Үш рет ойын сүйегін лақтырғанда , 19 ұпайдың болуы.

– Кешкі серуен кезінде үш таныс адамның кездесуі.

Ықтималдық теориясы дегеніміз- кездейсоқ оқиғалардың орындалуының заңдылығын зерттейтін математиканың бөлімі.

Ықтималдықтар теориясының негізінде «математикалық статистика» ғылымы пайда болды. Мат. Статистиканы бақылау нәтижелерін қорытындылайтын әдістерді зерттейтін ғылым деп есептеуге болады. Ол қызметтің барлық салаларында маңызды роль атқарады.

Күнделікті өмірде әр түрлі кездейсоқ оқиғалармен кездесеміз және олардың орындалу жиілігі әр түрлі.

Мысалы, ойын сүйегін 48 рет лақтырып, 1, 2, 3, 4, 5, 6 цифрларының түсу кестесін құрайық:

«цифрлар»

1

2

3

4

5

6

Түсу саны

6

8

9

7

8

10

Диаграмма тұрғызайық.

Әрбір оқиғаның түсу саны оқиғаның жиілігі болады.

Қандай да бір оқиғаның орындалу жиілігінің жалпы оқиғалар санына қатынасы оқиғаның ықтималдығы деп аталады.

Мысалы ойын сүйегін 48 рет лақтырғанда, 5 цифрының түсу ықтималдығы 8/48-ге тең.

4. Жаңа материалды меңгергенін тексеру.

Оқулықтан: №320, № 322, №324, №325

5. Қорытынды.

1. «ықтималдық» ұғымы не үшін оқытылады?

2. Математикалық статистика қандай мақсатта қолданылады.

6. Үй жұмысы. №321, №323

7. Бағалау.