Тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады?

0
811

Қазақстанның және Павлодар облысының географиялық орны мен шекаралары.

Білімділік: Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы туралы баяндау. Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Географиялық білім көздеріне сипаттама беру. Қазақстанның және Павлодар облысының шекараларын, аумағын, географиялық координаталарын, географиялық орнының ерекшелігін анықтау.

Дамытушылық: Дүние жүзінің саяси картасынан Қазақстанның қандай мемлекеттермен шектесетінін анықтау және Қазақстанның және Павлодар облысының географиялық орнын карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету. Қазақстанның және дүние жүзіндегі кез-келген қаласының белдеулік және жергілікті уақытын тауып, олардың айырмасын анықтауға дағдылану.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, репродуктивті

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Қазақстанның саяси картасы.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)

Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

3.Жаңа тақырып кезеңі (20 мин)

7-сынып материалын еске алу. «Физикалық география» ұғымын анықтау. Қазақстанның физикалық географиясы курсымен таныстыру.

1. Қазақстанның тәуелсіздігін анықтайтын негізгі даталармен таныстыру.

2. Қазақстанмен шектесетін елдерді дүние жүзінің саяси картасына қарап анықтау.

3. География курсының негізгі құрылымымен таныстыру.

4. Физикалық география пәнінің және Қазақстанның физикалық географиясының мақсаттары мен міндеттерін анықтау.

5. Оқулықтың құрылымымен таныстыру.

6. Қазақстанның және Павлодар облысының географиялық орнын карта бойынша сипаттау.

7-сынып курсын еске түсіреді. Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

4. Жаңа тақы-рыпты бекіту (10 мин)

Кескін картаға Қазақстанның Еуразиядағы орнын салу. Көршілес мемлекеттерін көрсету. Оларды атау.

Картамен және кескін картамен жұмыс жасау, түсінбеген жерлерін мұғалімнен сұрау.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі (10 мин)

Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында төмендегі сұрақтарды қою:

Еліміздің егемендігін қандай белгілері көрсетеді?

Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады?

Қазақстанның және Павлодар облысының географиялық орнының ерекшелігі неде?

ТМД қай жылдары құрылды?

Қай жылы Астана Алматыдан көшірілді.

Неше ұлт өкілдері мекен етеді?

Экспорт және импорт дегеніміз не?

Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.

6. Бағалау кезеңі

(2 мин)

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі (2 мин)

§ 1-2 оқу, мазмұндау.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.