Тәрбие сағаты «Жасай бер, ана тілім-қазақ тілі» 9 сынып

0
2370
литература

Мақсаты:
Білімділік:Ана тілінің қадыр-қасиетін ұрпақ бойына дарыту.Ана тіліміздің тұғырының
мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету
Дамытушылық:Ана тілі туралы өлең,тақпақ,нақыл сөздерді оқыту арқылы оқушының сөздік қорын
молайтып, тіл байлықтарын дамыту.
Тәрбиелік:Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтауға,туған тілді құрметтеуге баулу.
Көрнекілігі: «Жасай бер, ана тілім-қазақ тілі!», «Қазақ тілі- ұлт тілі»,нақыл сөздер,шар
Барысы:Ұйымдастыру кезеңі
Вераника: Сәлем Индира !
Индира: Сәлем! Қалың қалай?
Вераника: : Жақсы! Индира бүгін не үшін жиналғанымызды білесің бе?
Индира:: Ия, бүгін «Сүйемін туған тілім, ана тілін!»-атты ашық тәрбие сағаты болады.
Вераника::- Осы тіл не үшін керек?
Индира:-Досым-ау, тіл бір-бірімізбен сөйлесу, түсіндіру үшін қажет қой.Мұғалім
«Тіл-қарым-қатынас құралы» деп түсіндірді емес пе?»
Вераника: Жарайды, тіл қарым қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір тілде сөйлеп,
түсіне бермей ме?Ана тілі деп бөлгені несі?
Индира: Ой-ой,!Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі
халықтардың да өз анасы, өз тілі,өз Отаны бар емес пе?
Вераника: Ана тілі дегеніміз- ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой.Ал ана
деген- бәрінен қастерлі,аяулы асыл жан.
Индира:Тамаша өлең таңдайға татып балдай,
Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай
Жан дүниең жарқырап сала берер,
Ағарып келе жатқан атып таңдай-деп ақын жырлағандай тіл туралы өлең-жырларға
құлақ асайық.
Даша: Мен сендерге С.Мәуленовтың бір өлеңін оқып берейін
Сол тіліммен дүниені атадым,
Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.
Жатты онда уыз сүті ананың,
Жатты онда аманаты атаның.
Сол тіліммен махабатқа тіл қаттым,
Сол тіліммен талай гүлді жинап тым
Сол тіліммен сәбилерді сөйлеттім,
Сол тіліммен көз жастарын құрғаттым.
Сол тіліммен аспан көрдім, жер көрдім.
Сол тіліммен көгергенше жер бердім.
Сол тіліммен дүниеден кетемін,
Сол тіліммен дүниеге мен келдім.
Вераника: Керемет екен. Ал Әбділда Тәжібаев атамыздың мына өлеңі естеріңізде ме?
Туған тілім –тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдагы.
Өссе тілім-мен де бірге өсмін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Индира:Пір тұтамын өзіңді ана тілім
Таққандайсың жүрекке ана гүлін
Отырғандай дүниеге қайта келіп
Еске түсті сағынған бала күнім
Көрініс
Аяжан – Апа мынау бейнелген не нәрсе?
Гүлнара- Балаларым, бұл біздің сонау ата-бабаларымыздың тарихи мұра жететін Архон Енесейдің ескерткіштері. Бұл ескірткіштер ішінде түрік халықтарының ортақ тарихы.Оның ішінде қазақ әдебиетінің мұрасы жатыр .
Ал туған тіліміздің дамуы ,осы ата бабаларымыздың бізге қалтырып кеткен сонау жазбаларынан тарих алады.
– Апа ал мынау ше?
Балам, мұнда сөз өнерінің әдеби қазынасы жатыр.Тіліміз,әдебиетіміз,мәдени мұрамыз қазіргі осы ескірткіштерден бастау болса , ал Абай атамыз қазіргі әдеби негізін қалады.
Аяжан -Апа мынау ше?
Балам ,бұл кітап ана тілін қадірлейтін ,қастірлейтін ,қазақ тілі үйренемін деген әрбір қазақ балаларына арналған құрал ,ана тілім анамызды қалай құрметтесек,ана сүтін ақыл бойымызға тараған.
Ана тілімізді солай құрметтеуміз керек!
Балалар –Апатай ,Апатай!(балаларды алып кетеді)
Гүлнара: Құлымдарым!
Айнагуль-: «Қазақ тілі»
Қазақ тілі,қазақтың ана тілі,
Бірақ оған адамы бас иеті.
Қазақ тілі-қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
Мына біз ,туған тілді шұбарлаймыз!
Ұмыттырамын ,ана тілдің қасиетін.
Қалмайды адам ,туған тілге басиетін
Айналаны жайпаймыз дүлік күшпен.
Онсызда жүрсіндер ғой тілді бастап,
Қадірлемейді жастарын қазақ тілін.
Қосылындар, мына бізге бәрін тастап.
Әй ,адамдар!
Ана тілін анамыз дейсін бәрін ,
Ана тілі анам сенің деп ұрандатып.
Көрейінші ананың махабатын .
Айрындар, балаларды анасынан!
Ұмытсын, туған тілің туысынан .
Гүлнара: Жоқ,жоқ!
«Қайран дала» танец (сөзі: Р. Рымбаева.)
Слайд: табиғат
Нина: «Ана тілім ардақтым» жыры.
Несіне мен қазақпын , өз елдің тілін білмесем.
Өз елімде жарқылдап, еркін сөйлеп жүрмесем.
Құт мекенім қасиетті ата-бабам жерінде,
Нағыз қорлық-деп білемін, басқа тілде тілдессем.
Ана тілдің қасиетін айта білген түсінер,
Өз тілінде сөйлейді өмір көрген кісілер.
Жойған күні тіліңді, жойылады қазақ та,
Жоя білген адамдар-құлдыққа да түсірер.
Мансап үшін өз тілін құрбан еткен адамдар,
Басқа тілді қастерлеп, ана тілін жамандар.
Ондай жандар ортадан аулақ болса сол дұрыс.
Қазақ емес шіріген жұмыртқа деп санаңдар!
Ана тілін сатқандар опасыз-деп білемін,
Білген жанға өз тілің-қунышың, тірегің.
Қазақ тілі қор болса, қор болғаным менің де.
Ол жойылса мәңгілік тоқтап қалар жүрегім.
Керек емес байлығын, керек емес алтының,
Менің жалғыз тілегім, тілін сақта халқымның.
Ана тілім бар жерде сақталарын білемін
Қазақ үшін қасиетті ата-дәстүр салтымның.
Ана тілін тартқылап салып жүрген көкпарға.
Ойлаңдаршы қазағым, осы бізде бет бар ма?
Ана тілін ту етіп, көтер қазақ көгіне.
Айқасқа түс, сол үшін айтыс болса шегінбе.
Ана тілді сыйламай, өгей бала болмайық.
өз тіліңде сөйлемей, өзің туған жеріңде.
Ән шашу: өлең М. Шаханов «Рух тіл» Байкенова Альмира
Табиғаттың өзгермейтін заңына бұр бетіңді,
Қай кезде де туған тілің туған анаң секілді.
Бабалардың арманы бар мына қызыл гүлдерде,
Олар елін, тілін қорғап жанын қиған бұл жерде.

Ұлтсыздану заманында,
Тілің нарық табанында,
Көнбестік бар қадамыңда,
Рухыңды басып кетті қарын.
Тіліңді жоғалтсаң,
Діліңді жоғалтсаң 2 рет
Жоғалтасың ² бәрін.

Адам қанша болғанымен дарынды әрі табанды,
Туған жерін сүймей тұрып сүймек емес ғаламды.
Өзге ананың мазмұнына, мерейіне тор құрар,
Алдыменен өз анасын сүйе алмаған сорлылар.

Нарық-ғасыр бәрін сатып жібере ме алтынға,
Кім қалады сол алтынға сатылмайтын қалпында?
Жалғандық бар ұлтсыздардың беделі мен даңқында,
Ана тілін сыйламаған сыйламайды халқын да.

2-жүргізуші:
Білеміз шаттық хабар қайдан ұшты,
Бәрі енді өзімізге байланысты.
Қаумалап, тік көтеріп әкетейік,
Қанатын жаңа ғана жайған істі
Ән шашу: «Ақ көгершін» Ш.Аяжан

І – жүргізуші:
Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!

ІІ – жүргізуші:
Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!

І – жүргізуші:
Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!

ІІ – жүргізуші:
Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!

І – жүргізуші:
Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!
(Пауза жасалады.)

І – жүргізуші:
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет.

ІІ – жүргізуші:
Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.
Орыс,ағылшын тілінде ән айтылады« «» Лобан Ангелина
І – жүргізуші:
Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен – кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлейміз.

ІІ – жүргізуші:
Елімізде қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, мемлекеттік тілді қастерлеп, мемлекеттік тілдің өз тұғырына қонуына атсалысып жүрген өзге ұлт өкілдері қаншама.
2-жүргізуші:
Олай болса, құрметті оқушылар, тілді үйрену ешқашан кеш емес. Ол үшін тек ниет пен еңбектену ғана қажет.
2-жүргізуші: Бүгінгі кеш көңілдеріңізді біраз серпілтіп, тың мағлұматтар берді деген үміттеміз.
1-жүргізуші: Уақыт бөліп, көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет!
«Жасай бер қазақ тіл» .
Дайындаған:Бақыт Жұмабекова.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь