Тәрбие сағаты «Сәлем, Жаңа жыл!»

0
1764
физика

1-жүргізуші: -Құрметті ата- аналар,
Қадірменді ұстаздар мен
Ең сүйкімді балалар!
– Сіздерді келе жатқен 2015жыл Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз! Жаңа келген жылымыз дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке – бірлік, шадыман шаттық, көңілдеріңізге қуаныш әкелсін деп тілейміз!
2- жүргізуші: Қош келдіңіз бүгінгі жаңа жыл кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін
Мына отырған барша жан бәрімізге!
1- жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
2- жүргізуші:
Кел, жаңа жыл! Төрле- төрле жеріме!
Құт береке боп келгейсің еліме.
Үміт артып армандарға аяулы
Шаттығыңа бөлегейсің бәрін де! -дей келе
бүгінгі «Сәлем, Жаңа жыл!» атты шағын орталық тобы мен мектеп-алды даярлық тобының мерекелік ертеңгілігін ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Жаңа жылдық құттықтау сөз: мектебіміздің директоры Қайрат Тұрсынұлына беріледі.

Тәрбиеші: -Балалар, қазір қай мезгіл?
Балалар: -Қыс мезгілі.
Тәрбиеші: -Мынау қандай мейрам?
Балалар: -Жаңа жыл.
Тәрбиеші: – Балалар, ортамыздағы әсем не? Балалар: – Шырша! Тәрбиеші: – Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! – Бәрекелді, қараңдар, балалар, шыршаның астында бірдеңе тұр! –Қарайықшы. Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша! -Келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (Көңілді муз. ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Сайқымазақ атып шығады)
Сайқымазақ : – Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап-қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен бірге жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы!
Тәрбиеші -: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар,Ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кімдер жетіспейді?
Балалар: – Аяз ата, Ақшақар.
Тәрбиеші: -Қане, онда Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар: -Аяз ата, Ақша қар, кел, кел. (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, сыпырғышына мінген Жалмауыз кемпір жүгіріп кіреді.)
Жалмауыз кемпір: – Ойбай түрлерін қара! -Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?!
Тәрбиеші: – Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе? Жалмауыз кемпір:- Білсем бұйырмасын!
Тәрбиеші: -Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, сен сияқты үлкен әйел адамға ескертудің өзі ұят. -Сен не, мектепте оқымадың ба?
Жалмауыз кемпір: Оқыған жоқпын! Маған бір танысым – Орман перісі- мектепте сондай қызықты болады, бір барып көрсең, көрсең ғой деп қой-мап еді, ал, бардым …. Онда кешке дейін тақпақ-әндер жаттатады, ал тәрбиешілері бұрамалы ойыншық сияқты: -Қанша? Неше? Қайда? Ойланыңдар, ойланыңдар дейді де жатады, не одан басқа сөз жоқ па? Тәрбиешілері өздері біледі де, білгендерін балалардан сұрайды. Бүйтіп, мектепте оқығанша сыпыртқыма мініп алып жүрмеймін бе?
Тәрбиеші: – Балалар, Жалмауыз кемпір шын айтып тұр ма? Мектепте көңілсіз бе? Айтыңдаршы мектепке не үшін барады? Балалар : -Оқимыз, ойнаймыз, тақпақтар жаттаймыз. Тәрбиеші: – Дұрыс айтасыңдар, балалар. (Жалмауыз кемпірге қарап) -Түсіндің бе? -Сен өзі қайдан шықтың? -Біз Аяз атаны шақырып едік қой?! Жалмауыз кемпір: -Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар? Аяз ата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды «ха-ха-ха» (деп секіреді) Тәрбиеші: – Неге олай еттің? –Аяз ата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл болмақ? Жалмауыз кемпір: – Ә, бәлем, солай ма екен! Әйтпесе мектеп… оқу… жазу… Енді, сендерді мен оқытамын! Қазір денешынықтыру сабағы бола-ды. Бүгінгі сабақта, біз бет-аузымызды қисаңдатып үйренеміз.
Тәрбиеші: – Тоқта, тоқта!
Жалмауыз кемпір: – Жарайды, жарайды. (балаларға қарап: балалар шырша әдемі болып жану керек қой иә?)
Балалар: – Иә!
Жалмауыз кемпір: – Онда, қане жағып жіберейік! (қолына сіріңкесін алып, жаға бастайды)
Тәрбиеші: -Жоқ! Жоқ! Мына Жалмауыз кемпірден құтыла алмадық қой! (осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Жалмауыз кемпір тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата-аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды)
Алыстан Аяз атаның дауысы естіледі.
Тәрбиеші: -Балалар, Аяз ата мен Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!
Балалар: – Аяз ата, Ақшақар!
Аяз ата: -Саламатсыңдар ма, балалар! –Жаңа жылдарың құтты бол-сын! -Сабақтарыңды «4» пен «5»-ке оқыңдар. – Балалар, мына шырша-мыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. -Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық! – -Қуант, бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Балалар: – Қуант, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! (қолдарын шапалақтатады) (Шырша жарқырайды)
Аязата: – Балалар, менің қарша қызым қайда жүр екен, кім тауып береді екен ,маған? -Сайқымазақ, сен барып Ақшақар қызымды тауып әкелші, жарай ма?
Жүргізуші: -Аяз ата,Сайқымазақ Ақшақар қызыңды тауып әкелгенше бір өлең айтайық, көңілімізді көтерейік.
Хор: «Жаңа жыл».
Жүргізуші: – Аяз ата, менің бір жұмбағым бар.
-Ертегідей орманнан Көктей өтіп келеді. Сұңғақ бойлы бір сұлу Табыңдаршы, аты кім?
Балалар: -Ақшақар!
(музыкамен Ақшақар мен Сайқымазақ келеді)
Сайқымазақ: -Аяз ата, мінекей, орманда жоғалтып алған қызыңды тауып әкелдім.
Ақшақар: – Саламатсыңдар ма, балалар! Орманда адасып қалған едім, мені Сайқымазақ тауып алды. – Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!
-Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге Мен бастаймын, ал, сендер Аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар! Ақшақар:
1-.Қарға мүлгіп дала тұр, Келе жатыр….
Балалар: -Жаңа жыл!
Ақшақар: 2.- Қызыл мұрын, ақ мұртты, Білсең атын тез ата, Келеді бізге ….
Балалар: – Аяз ата!
Ақшақар: -Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі ……
Балалар: – Әдемі!
Ақшақар: – Көңілсіз бір бала жоқ, Ойын- күлкі таралсын, Құтты болсын …..
Балалар: – Жаңа жыл! (3 рет)
(Жаңа жыл келеді).
Жаңа жыл: – Кім десеңдер, мен жаңа жылмын. Мен сіздерге үлкен табыс, денсаулықтарың мықты, сабақтарыңды «4» пен «5»-ке оқыңдар демекпін.
Аязата: -Бәрекелді, үлкен сый кәпитімізден Жаңа жылға да беріп қояйық.
-Ал, енді балалар, мына шыршаға арналған, маған, келген Жаңа жылға, Ақшақарға арналған өнерлерің болса, аямаңдар!
Балалар тақпақтарын айтуға шығады.
Шағын орталық тобының монтаждары.
«Түлкі, түлкі, түлкішек»
Ән: «Қошақаным»
Ойын: «Кім шапшаң?»

Аяз ата: -Жалмауыз кемпір, дорбаңда не бар?
Жалмауыз кемпір: – Менің дорбамда балаларға арнап сыйлықтар әкелдім, сен сияқты. –Мінекей, мынау бар, мынау бар. (Сыйлықтарын көрсетеді.) -Мына табаға балаларды салып , қуырып- қуырып жіберсем, өте дәмді болады.

Аяз ата: – Тәйт, сыйлықтарыңды сал да, залдан шығып тұр. Әйтпесе, боранға , аязға үсітіп жіберемін.
(Жалмауыз кемпір шығып кетеді.)

Тәрбиеші: -Мінекей, балалар, біз Жалмауыз кемпірден де құтылдық. (Аяз ата мен Жалмауыз кемпірді салыстыру)
Әрі қарай мерекелік кешімізді жалғастырайық.

Мектепалды даярлық тобының монтаждары.

«Апам үшін» әні. Шағын орталық тобының бүлдіршіндері.
Ойын: Ата-аналармен «Дүкенші»

Аяз ата мен ақшақар: – Балалар өнерлерің өте тамаша екен ! Өнерлерің өрге жүзсін! Енді біздің де қайтатын уақытымыз болды! Баратын жерлеріміз де көп . Қош аман- сау болыңдар!

Жүргізуші: -Мектеп алды даярлық тобы мен шағын орталық тобының « Сәлем, Жаңа жыл!» атты ертеңгілігіміз аяқталды! Келгендеріңізге көп-көп рахмет!