Құстар – біздің досымыз. Мақсат үстеу.

0
1088
информатика

Сабақтың тақырыбы: Құстар – біздің досымыз. Мақсат үстеу.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

мақсат үстеуді түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: мақсат үстеуді меңгеру, құстар туралы өз ойларын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Наурыз мерекесі» туралы үстеулерді қатыстырып, сөйлесу құрау.

ІІІ. Жаңа сабақ

ұшады досымыз ұя салады

орманда мекендейді Құстар жұмыртқа салады

суда жүзеді әдемі атуға болмайды

1 – тапсырма. «Құстар – біздің досымыз» мәтіні бойынша топтық жұмыс.

Мәтінді оқиды.

Мәтін бойынша сұрақ құрайды.

Мәтінді мазмұндайды.

Мәтіндегі қиын және тірек сөздерді табады.

Мәтіннен үстеулерді табады.

2 – тапсырма. Берілген суреттерге қарай отырып, мақсат үстеулерді қатыстырып,

сөйлем құраңдар.

Ережемен жұмыс

Үстеу – заттың, қимылдың жай-күйін, мезгілін, т.б. білдіретін сөз табы.

Мақсат үстеу – іс-қимылдың мақсатын көрсететін үстеудің түрі. Мысалы: әдейі, қасақана, жорта, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Топтастыруды алынған мәліметтермен толықтыру.

V. Үйге тапсырма

1 – тапсырма («Құстар – біздің досымыз» мәтінін мазмұндау).

Құстар туралы мақал-мәтелдер жазу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау