Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларды жарты шар материктері бөліктерімен таныстыра отырып, өткен тақырыпты қайталау арқылы білімдерін жинақтау және Солтүстік жарты шар бойынша қорытындылау.
2.Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, пәнге деген қызығушылықтарын ояту.
3. Тәрбиелік: Достыққа, қайырымдылыққа, сыпайылыққа, көпшіл болуға, бірін-бірі түсінуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карта, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту
«Өз біліміңді тексер»
- Солтүстік Американың географиялық орнының басты белгілерін атаңдар? Оның Еуразияның географиялық орнынан қандай айырмашылығы бар?
- Гренландия аралы қай елдің құрамына кіреді?
- Кардильера тау жүйесі неге меридиан бағытында орналасқан?
- Материкте қандай пайдалы қазбалар кездеседі?
- Солтүстік Америка мен Еуразиядағы табиғат жағдайларының ұқсас аудандарын атаңдар.
- Солтүстік Американың қай бөлігінің табиғаты біздің жерімізге ұқсас болып келеді? Мысал келтіріңдер.
- Солтүстік Американың жерінде шөлдер неге аз?
- Солтүстік Америкадағы табиғаты көркем жерлерді атаңдар?
- Материктегі табиғаты қатты өзгерген аудандарға мысал келтіріңдер.
- Солтүстік Америкада қандай халықтар тұрады?
- Солтүстік Американың ірі елдері мен олардың қалаларын табыңдар.
- Картамен жұмыс
- «Торнадо», «Ураган» бұл қандай құбылыстар?
- Солтүстік Америка үндістері кеше және бүгін
- Солтүстік Американың ұлттық саябақтары
- Солтүстік Американың сирек кездесетін жануарлары.
Қорытынды: Канада, АҚШ бұл елдердің табиғаты, шаруашылығы, халқының тұрмыс тіршілігі басқа мемлекеттермен айырмашылық жасайды.
Үйге тапсырма: Тарауды қайталау, тест құрау, картамен жұмыс жасау және қосымша материалдар жинап келу.