Шоқан Уәлиханов – ұлы ғалым.

0
2908
вязание

№31 (2)  сабақ жоспары

Пәні: Қазақ тілі

Лексикалық тақырыбы:  Шоқан  Уәлиханов – ұлы ғалым.

Грамматикалық тақырыбы: Сабақтас  құрмалас  сөйлемнің жасалу жолын қайталау

Мерзімі: 12.05.2012ж

Уақыты: 11.20 – 12.05

Сыныбы: 9 орыс

Оқушы саны: 10 оқушы

Сынып бөлмесі:  №18

 

Сабақтың мақсаты: Шоқан өмірі- үлгі, өнеге екенін оқушыларға түсіндіру  арқылы,  оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, диалогтық әдісті, ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды пайдалануды жетілдіру.

Қолданылған әдіс –тәсілдер: Топқа бөлу, «Claster»әдісі, «Ойтолғау» әдісі, «Бес жол өлең», «INSERT» стратегиясы.

Қолданылған модуль:«Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету», «Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды қолдану»,«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Талантты және дарынды балаларға білім беру»

 

Сабақтың барысы:

Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың

іс-әрекеті

Ресурстар
2 мин Ұйымдастыру кезеңі.

 

Оқушыларды сабаққа ұйымдастырады. Сәлемдесу.

   
4мин  Психологиялық  дайындық. Қызығушылықтарын ояту мақсатында интерактивті  тақтада глобус, алақан, көгершіннің суреті беріледі. Осы суреттерді  қалауынша орналастырып, өз ойларын айту   ұсынылады.

 

 

Оқушылар суреттерді  өз ойларынша орналастырып, орналастырған сурет бойынша  ойларын айтады. интерактивті тақтадағы суреттер.
  Топқа  бөліну үшін Астана ғимаратарының  қима суреттері

ұсынылады.

Қима суреттерді құрастыру арқылы  2 шағын топқа  бөлінеді.

І топ «Географ», ІІ топ «Саяхатшы»

Астана  ғимараттарының суреті.
5 мин

 

 

 

 

 

 

 

6 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

6 мин

 

 

 

 

5 мин

Жаңа тақырыпты анықтау үшін, флипчартта берілген  сөздерді оқиды.

Бұл қай ғалым екенін анықтату.

 

Ш.Уәлихановтың  туған жері, шыққан тегі, балалық шағы туралы   түсіндіру.

 

 

Грамматикалық тапсырма ұсынылады.

1-тапсырма.

Г.Н.Потаниннің ой-пікірі ұсынылады.

 

1-тапсырма . Мәтін бойынша тапсырма беру.

1.      Мәтіннің аудармасын тексереді.

2.      Мәтіннен құрмалас сөйлем табу.

 

 

2-тапсырма . Семантикалық кестені толтыру жұмыс ұсынылады.

 

 

 

3-тапсырма. «Ойтолғау»

Берілген сұрақтарды оқу.

-Шоқанның туып-өскен ортасы?

-Шоқан қайда оқыды?

-Ол неше жасында қайтыс болды?

 

1.      Флипчарттағы сөздер арқылы ой қозғап, тақырыпты анықтайды.

 

 

Түсінгендерін  қысқаша

айтады.

 

 

2.      Дәптермен жұмыс.

Потаниннің ой-пікірін оқып, 1-ші топ мәтінді жазып аударады. 2-ші топ  мәтіннен құрмалас сөйлемді тауып, талдайды.

 

 

 

Берілген  семантикалық кестені әрқайсысы жеке толтырып, топпен ой бөлісу. Одан  кезекпен флипчартта толтыру.

 

 

 

Шағын топта ақылдасып, қойылған  сұрақтар төңірегінде  жауап бере отырып, ойтолғау жазады.

интерактивті тақта, сөздік, дәптер

 

 

 

 

 

интерактивті тақта, дәптер, сөздік

 

 

үлестірмелі парақтар интерактивті тақта

 

 

 

 

интерактивті тақта

(флипчарт), оқулық, дәптер.

5 мин 4- тапсырма.  «Шоқан» сөзімен байланысты бес жолды өлең құрастырту.

1-жол Зат есім – 1 сөз

2- жол Сын есім -2 сөз

3-жол Етістік -3 сөз

4-жол Толықтауыш- 4 сөз

5- жол Түйін сөз-5 сөз

Әр топ ой бөлісіп, бес жолды өлең құрастырады.

Мысалы:  Шоқан

үздік, ақылды.

оқыды,зерттеді, саяхатқа шықты.

Елін сүйді,  ауыз әдебиетін  зерттеді, тарихты жазды.

Ол-   қазақ тарихын зерттеуші  ғалым.

Сөздік, оқулық, дәптер.
2 мин 73 бет. Ш.Уәлиханов мәтіні бойынша жазбаша жұмыс береді. Үй тапсырмасын түсіндіреді.

 

Үй тапсырмасын жазып алады. күнделік
3 мин    Әр топ басшысы  бағалау парағына өз тобының мүшелеріне әр тапсырмаға  баға қояды. Өзін-өзі бағалау тәсілімен бағалайды.

 

Бағалау парақшалары
5 мин Рефлексия.  «INSERT»  жүйесі бойынша үлестірме қағазды толтыруға ұсынылады. Кестені толтыру. Инсерт жүйесінің кестесі.

 

 

                1-тапсырма. Г.Н.Потаниннің ой-пікірі: 

 

«Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Оған талайлар назар аударды. Ол сондай қабілетті еді, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да білім, идея жағынан басып озды », – деп жазды бірге оқыған досы, этнограф-ғалым  Т.Н.Потанин.

 

  1. Мәтіннің аудару.
  2. Мәтіннен құрмалас сөйлем тауып, талдау.

 

2-тапсырма Семантикалық  кестемен жұмыс.

3-тапсырма.  «Ойтолғау» . Тақырыпқа байланысты сұрақтар қою арқылы шағын ойтолғау жазу.

  1. Шоқанның шын есімі  қалай?
  2. Қандай ұрпақтан шыққан?
  3. Ол неше жасында қайтыс  болды?
  4. Шоқан қайда оқыды?
  5. Шоқанның орыс досы кім еді?
  6. Қандай зерттеу әңгімесін білесіңдер?

 

 «Шоқан Уәлиханов- ұлы ғалым »  тақырыбындағы сабақты бағалау.

 

Сабақ қалай өтті?

 

«  Шоқан Уалиханов-ұлы ғалым» тақырыбындағы сабағымның мақсаты: Шоқан өмірі- үлгі, өнеге екенін оқушыларға түсіндіру  арқылы,  оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, диалогтық әдісті, ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды пайдалануды жетілдіру.Сабақты бастамас бұрын сыныптың  қызығушылығын ояту мақсатында  интерактивті тақтада  глобус,  көгершін, алақанның суреттерін көрсеттім. Оқушылар қалауынша сол суреттерді  орналастырып, осы суреттен түйгендерін сөйлем түрінде айту керек болды. Оқушылар  ойланып,  суреттерді  былай орналастырды: тақтаныңжоғарғы жағына  көгершінді қондырды, ортасына  глобусты,  оның астына жағына алақанды. Глобусты алақандарына салғандай етіп орналастырды.Осы жинақталған суретке қандай сөйлем айтасыңдар?-деп ой тастадым.Олар:

– Бүкіл әлем бейбітшілікті қалайды.

– Әлемнің болашағы біздің қолымызда, т.б ойлар айтты.

Ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында оқушыларды екі топқа қиылған суреттерді  құрастыру арқылы бөлдім. Олар  «Саяхатшы» және «Географ» тобы .

Жаңа сабақты оқушылардың өздеріне анықтату үшін интерактивті тақтада флипчартты пайдаланып, тақтада жазылған «саяхатшы,этнограф,ғалым,географ,суретші,тарихшы» сөздерін оқытқанда, оқушылар  бүгінгі сабақтың тақырыбын  ойланып  анықтады.  Флипчарт бетінде Шоқан Уәлиханов портреті кластер түрінде көрсетілді.

Шоқанның туған жері; ата-тегі,балалық шағы туралы түсінік берілді.Этнограф-ғалым Т.Н. Потанин сөзімен грамматикалық жұмыс жүргіздім.Оқушылар мәтінмен топ бойынша жұмыс жүргізді.1- топ мәтінді көшіріп, аударды. 2-топ құрмалас сөйлемді тауып, талдады.  Бұл кезеңде белсенділік көрсеткен тек жақсы оқитын оқушылар болды.2- тапсырмада интерактивтік тақтада сызылған «Семантикалық кестені» толтырды, онда берілген сөйлемдер құрмалас сөйлемнің қай түріне жататынын анықтау керек болды. Алдымен әр топ мүшесі жеке орындап, одан соңинтерактивті  тақтада қаламсаппен орындады. Сыныпта кішкене серпіліс байқалды.Оқушы білмесе де тақтаға шығып,флипчартпен жұмыс істеуге қызықты . Шағын топта  пікірлесе отырып, сөйлемдерді  тапсырманы орындадық .

4- беті «Ойтолғау» деп аталды.Мұнда мен оқушыларға ойларын, білімдерін жинақтау мақсатында интерактивті тақтаға сұрақтар жазып қойдым, мысалы: 1. Шоқанның шын есімі  қалай?Қандай ұрпақтан шыққан?Шоқан қайда оқыды?Ол неше жасында қайтыс  болды?т.б.яғни, осы сұрақтар негізінде өздеріне 5-6минут мүмкіндік бердім.Тоғжан – дарынды оқушы,  Сынгат  қабілеттеріне  қарай  6-7 сөйлемнен тұратын ойтолғауларын  жазып, оқып берді.Ойтолғауға негізгі ойларын жазып , жаңа сабақтан бір түсінік қалыптасқанын байқадым . Сабақты 5 жол өлең стратегиясымен бекіттім.

1-жол Зат есім – 1 сөз

2- жол Сын есім -2 сөз

3-жол Етістік -3 сөз

4-жол Толықтауыш- 4 сөз

5- жол Түйін сөз-5 сөз.

Сыныпта  әр шағын топ пікірлескенде, шу басым болды. Бес жол өлең былай боп шықты:

1-Шоқан Уәлиханов.

2- Зерек, ақылды.

3- оқыды,зерттеді, саяхатқа шықты.

4-Елін сүйді,  ауыз әдебиетін  зерттеді, музыканы зерттеді, тарихты жазды.

5- Ол- елін сүйген ұлы ғалым.

Бұл тапсырманы да дарынды, қабілеттері бар оқушылар дұрыс, әрі тез орындап берді.

Сабақтың қорытындысы, рефлексияны  «Инсерт» жүйесі бойынша өткіздім, оқушылар кестені толтырып, сабақты қаншалықты түсінгендерін көрсете білді.  Сабақта оқушыларды К.Бітібаеваның өзін-өзі бағалау тәсілімен бағаладым. Топ көшбасшысы бағалау кестесіне топ мүшелерінің тапсырманы орындауларына қарай баға қойды, мен қорытынды бағасын шығарып, журналға қойдым.

 

Не сәтті өтті?

Оқушылар 1-тапсырмада мәтінді аударуда, құрмалас сөйлемді түріне, жасалу жолдарына қарай ажырата білуі. Әсіресе, Николя тұйық оқушы болса да, мәтіннің аудармасын түсінікті, жақсы оқып берді. Катя сөйлемді талдап, қосымша қойған сұрағыма дұрыс жауап беруі. Семантикалық кестені толтыруда көп қате жіберген жоқ, төмен оқитын оқушылардың өзі интерактивті тақтамен жұмыс жүргізген соң, қол көтеріп жауап беруге тырысты.   Бағалау  кезінде қызығушылық танытты.

Оқушылар тақырыпқа байланысты  мәліметтерді толық игере, меңгере  алды.Уақытты үнемді пайдалана алдым.

 

Не сәтсіз өтті?

Сұрақтар бойынша ойтолғау жазу, «бес жолды өлең» тапсырмасын орындағанда , қазақ тілін жақсы меңгермеген оқушылар: Дмитрий, Александр, Петр бұл тапсырмаларды толық игере алмады.

 

Нені дамыта аласыз?

Мен алдағы уақытта да дәл осылай  уақытты тиімді пайдаланып, жаңа технологияларды, әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білім сапасын көтеру, тіл байлықтарын дамыту жұмыстарын жүргізу арқылы, ауызекі сөйлеу тілдерін дамытуым керек.

Сабақ барысында кездескен кемшіліктерді жойып  ұтымды жақтарын басқа сабақ барысында пайдаланбақпын.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь