Сабақтың тақырыбы: Ұшқан ұя.

0
766
литература

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі:

7 сабақ

Пәні: Әдебиеттік оқу. Уақыты:

Сабақтың мақсаты: аБілімділігі:Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы

туралы түсінік бере отырып,өмір жолымен таныстыру.

әТәрбиелілігі:Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді, жеті атасын

білуге тәрбиелеу.

бДамытушылығы:Балалардың ойын,зейінін,сөздік қорын

дамыту. Қолдың ұсақ моторикаларын дамыту.

Пән аралық байланыс : дүниетану,қазақ тілі.

Әдісі: түсіндіру,баяндау,сұрақ-жауап.

Түрі :дәстүрлі.

Көрнекілігі :Бауыржан Момышұлының суреті, әдет –ғұрыптар.

Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.

Сабаққа оқушылардың назарын аудару.

ІІ.Өткен сабақты қайталау.

1.Мәтіннің мазұнын айту.

2.Дәлмырзаның өсиет сөзін тауып оқу.

3.Сөздік жұмыс.

4.Неліктен «аманатқа қиянат жасауға болмайды» дейді?

Сергіту сәті. Саусақ гимнастикасы («Орамжапырақ»)

Қолдарымызбен ұқсас қимылдарды келтіреміз:

– Біз орамжапырақты шабамыз! (2 рет) –түзу, күштенген алақандармен балтаның қимылын келтіру: жоғары, төмен.

– Біз орамжапырақ кесеміз! (2 рет) – энергиялық қимылмен түзу алақанмен алға-артқа .

– Біз орамжапырақ тұздап жатырмыз! (2 рет) – саусақтар жиналған «шымшым» – орамжапырақты тұздаймыз.

– Біз орамжапырақты қысамыз! (2 рет) – энергиямен саусақтарымызды жұдырықтап түйіп, бір уақытта екі қолмен, немесе кезектесіп қысамыз.

– Біз сәбіз тереміз! (2 рет) бір қолымызды жұдырықтап, басқа қолымыздың алақаны арқылы жоғары-төмен қимылмен ритмді жасайды. Сосын қолымызды ауыстырамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Кіріспе әңгіме.

– Б.Момышұлының өмір баянымен таныстыру.

– Жазушының шығармашылық еңбегі туралы айту.

2.Оқулықпен жұмыс.

аМәтінді оқып беру,түсіндіру.

әОқушыларға тізбектей оқыту.

бТүсініксіз сөздермен жұмыс.

в Сұрақтар мен тапсырмалар.

Мәтіңде қандай әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер туралы айтылған?

Сендер қандай әдет-ғұрыпты білесіңдер?

Бала Бауыржанның табиғат құбылыстарын сипаттауын әңгімеле?

Сергіту сәті. Аз қимылды ойын «Кім жылдамырақ жинайды»

IV.Сабақты бекіту.

1.Б.Момышұлы туралы не білдің?

2.Бауыржанның әкесі қандай адам болған?

V. Үйге тапсырма.

1. Б.Момышұлының фотосуреттерін жинап, альбом құрастыру.

2. Жеті аталарын біліп келу.

VI. Бағалау.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь