Сабақтың тақырыбы:Аюдың әулеті.

0
729

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі:

38-39 сабақ

Пәні: Әдебиеттік оқу. Уақыты:

Сабақтың мақсаты: а Өлеңді түсініп оқып, мазмұнын әңгімелей алуға

үйрету,табиғаттың құпия сырлары туралы түсінік беру.

әОқушыларды салауатты өмірге, денсаулығы мықты болуға , табиғатты қорғауға ,бағалай білуге тәрбиелеу.

б«Табиғат құпиясы» туралы түсінік бере отырып, сөздік қорын молайтып, білімдерін кеңейту.

Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.

Әдісі: сұрақ-жауап, сөздік.

Түрі :аралас

Көрнекілігі :аю туралы әңгімелер, жұмбақтар, суреттер.

Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.

Назарларын сабаққа аудару.

ІІ.Өткен сабақты қайталау.

Сұрақ қою арқылы мазмұнын сұрау.

1.Ақын қысты қалай суреттеген?2.Қар бетіндегі адам іздерін неге ұқсатады?3.Қысқы далада қандай дыбыстар естіледі?4.Өлеңді жатқа айт.5.Өлең мазмұнына қарай салған суреттерін қарап шығу.

Қолдың буынына массаж

– Оң алақанымызды ашамыз, ал сол жақ алақанымызды жұдырықтап түйеміз, енді жұдырықпен буынның басынан саусақтың ұшына дейін жеңіл батырып қимыл жасаймыз. Қолдарымызды ауыстырамыз. 2-3 рет.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1Жұмбақ шешу.

Орғыған қорқақ көзі қыли,

Қыс пен жазда екі түрлі тон киеді. (қоян)

Жазда қыдырады,

Қыста тынығады. (аю)

Тапсырмалар беру.

Аюдың қандай түрлерін білесіңдер? атаңдар. Аюдың тіршілігі туралы не білесің?Оны сипаттап жаз. Қайдан келдің бауырсақ ертегісін айтып бер.

3.Мағынаны ашу.

а)Мәтінмен таныстыру.

ә)Мәтінді түсініп оқу.

б)Сұрақтар мен тапсырмалар.

-Қоян тоғай ішінде жүріп кімді кездестірді?

-Аюдың әңгімесінен қандай әсер алдың?

-Бамбук ағашы қайда өседі?.

Сергіту сәттері .«Есте сақтауын дамыту»

Орнымыздан тұрайық

Ал ақанды согайық

Бір отырып, бір тұрып

Біз тыныгып алайық

IV.Сабақты бекіту.

1.Мәтіннен өзің білмейтін жануарлар мен өсімдіктер жайында қандай жаңалықтарды білдің?

2.Мақалдың мағынасын түсіндір.

Білгенім-бір тоғыз,Білмегенім-тоқсан тоғыз.

V. Үйге тапсырма.

1. ­Ө­леңді мәнерлеп оқу. 2.«Білгім келеді»тақырыбына эссе жазу.

Бағалау.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь