Сабақтың тақырыбы:Менің анам.

0
853
информатика

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі:

3 0 сабақ

Пәні: Әдебиеттік оқу. Уақыты:

Сабақтың мақсаты: а Өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға төселдіре отырып,

Анаға деген сүйіспеншілігі туралы түсініктерін тереңдету.

ә Ана деген ардақты атты қорғауға,сүюге тәрбиелеу.

б Дұрыс байланыстыра сөйлеп, өз ойын жеткізе білуге баулу.

Пән аралық байланыс : дүниетану, қазақ тілі.

Әдісі: сұрақ-жауап, сөздік.

Түрі :аралас

Көрнекілігі : суреттер, жұмбақ.

Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.

«Сақина салу»ойыны арқылы сабаққа қызығушылықтарын ояту.

ІІ.Өткен сабақты қайталау.

1. «Көктем ».өлеңінің мазмұнын әңгімелеу.

2..Көктем табиғатын суреттеген түсты тауып оқу.

3.Мақалдың мағанасын ашу.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Сергіту сәті. Фонетикалық жаттығу «Аю»

– Аю қалай ырылдайды? Р-р-р, р-р-р, р-р-р.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Кіріспе әңгіме.

а)Өмірде ақылды да ардақты кім?

-Анаға арналған қандай өлең білесіңдер?Орындату.

2.Мәтінмен жұмыс.

а)Өлеңді мәнерлеп оқу.

– Мұғалімнің мәнерлеп жатқа оқуы.

– Оқушылардың іштей оқуы.

– шумақтап екі жолдан оқуы.

г)Өлеңді талдау.

-Өлеңің «Менің анам»деп аталу себебі не?

-Ақын ананың қадірлі екендігін қалай суреттеген?

3.Сұрақтар мен тапсырмалар .

-Баланың басынан өткен оқиға қайда болған деп ойлайсың?

-Баланың анасына деген сезімін қалай суреттеген?

-Үлкендер бұл түсті қалай жорыр еді?

-Түс деген не?Түске сенесің бе?

Сергіту сәті. Дауыс күшін дамытуға арналған жаттығу «Менімен қайтала»

Қатты, тыныш, сыбырлап сөйлеудің нұсқаулары беріледі.

IV.Сабақты бекіту.

1)Осы өлеңге қандай әуенді таңдар едің?

2)Сен өз арғымағыңның суретін салып көр.

V. Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу

VI. Бағалау.