Сабақтың тақырыбы: Көктем

0
753

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі:

28 сабақ

Пәні: Әдебиеттік оқу. Уақыты:

Сабақтың мақсаты: аБілімділігі: Оқушыларға мәтінді оқыта отырып, түсініп оқу

дағдысын жетілдіру.

әТәрбиелілігі:Оқушылардың туған елін ,жерін сүюге,табиғаттың әсемдігін суреттей білуге тәрбиелеу.

бДамытушылығы:Оқушылардың сөздік қорын,тілін дамыту.

Пән аралық байланыс : дүниетану, қазақ тілі.

Әдісі: сұрақ-жауап, сөздік.

Түрі :аралас

Көрнекілігі :Туған жердің табиғаты бейнеленген сурет,көктем туралы өлең.

Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.

Назарларын сабаққа аудару.

ІІ.Өткен сабақты қайталау.

1.Мәтіннің мазмұнын айту.

2.Қазақ даласының кеңдігі туралы сурет бойынша әңгімелеу.

3.Жыл мезгіліне байланысты мақал-мәтелдер айтып мағынасын түсіндіру.

Сергіту сәті. Сөйлеуде тыныс алуды дамытуға арналған жаттығу «Көбелек ұш»

– Сендердің әрқайсысыңда жіпке тоғылған көбелек бар, соларға үрлейік.

Көбелек ұшты, бәріміз үрлейміз. Үрлейміз-үрлейміз.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Кіріспе әңгіме.

а)Сурет бойынша табиғатты сипаттау..

ә)Өздерінің туып өскен жерлері туралы айту.

б)Орал қаласы туралы не айтуға болады?

2.Өлеңнің жалғасын тапқызу.

Керекті сөздер: қоймайтын, тоймайтын,түндері, күндері,ауасы.

Сергіту сәттері .«Есте сақтауын дамыту»

Орнымыздан тұрайық

Ал ақанды согайық

Бір отырып, бір тұрып

Біз тыныгып алайық

3.Мәтін мен жұмыс.

а)Қ.Шаңғытбаев туралы айту.

ә)Өлеңді мәнерлеп оқу.

б)Өлеңге байланысты берілген сұрақтармен жұмыс.

-Жазушы көктем табиғатын қалай суреттеген?

-Сұлу табиғат дегенді қалай түсінесің?

– Еліміздің табиғаты көркем қандай жерлерді білесің?

-Өз туған жеріңді қалай суреттер едің?

IV.Сабақты бекіту.

Ой толғау.

-Мәтін не туралы?

-Бүгін біз қандай жаңа ақпарарат алдық.

V. Үйге тапсырма. 1.Өлеңнен көркем сөз тіркестерін табу.

2.Өлеңді оқып көкек айын сипатта.

Бағалау.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь