Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі:
5 – 6 сабақ
Пәні: Әдебиеттік оқу.
Сабақтың мақсаты : аБілімділігі:мәтінің мазмұнын аша отырып, өсиет туралы ойларын ортаға салу.
әТәрбиелілігі:үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге тәрбиелеу.
бДамытушылығы:өлеңді мәнерлеп оқыта отырып,ой -өрістерін дамытуға, білімдерін кеңейтуге жағдай жасау.
Пән аралық байланыс : дүниетану,сурет.
Әдісі: баяндау,ой-түйіндеу.
Түрі :аралас сабақ.
Көрнекілігі :жыл мезгілдерінің суреті,мақал-мәтелдер.
Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.Өткен сабақты қайталау.
1.Өлеңді жатқа айту.
2. Отан туралы мақал-мәтел
3. Сөздік жұмыс.
Сергіту сәті «Үлкен, кішкентай»
Қонжық «үлкен» сөзін айтқанда, балалар аяқтарының ұштарымен жүреді, ал «кішкентай» сөзін айтқанда, балалар иілген аяқтарымен жүруі керек.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Кіріспе әңгіме.
а)Жазғы мезгіл туралы әңгімелеу.
ә) Сурет бойынша әңгіме құрау
2.Жаңылтпаш.(Жатқа айтқызу)
Көк тырна,
Көп тырна.
Тыраулап тен,
Көп тұрма.
Сергіту сәті. Дидактикалық ойын «Ұшады – ұшпайды»
Әдістемелік нұсқау: егер мен құстарды атасам, балалар қолдарын көтеру керек, ал егер басқа заттарды атасам, онда балалар қолдарын алдына қоюлары керек.
3.Оқулықпен жұмыс.
а)Мәтіңді мәнерлеп оқу.
ә)Тапсырмалар мен сұрақтар.
– Аманат дегенді қалай түсіндін
– Дәлмырза атаның аманаты орындалды ма?
– Балалардың ойының қианат деуге бола ма?
IV.Сабақты бекіту.
1.Мақал – мәтелдердің мағынасын ашу.
Ата-балағы сыншы.
Көз жетпегенге сөз жетеді.
2. Жаңылтпашты жатқа айт.
Анау өскен изен бе екен, жусан ба екен?
Қойды солай қусам ба екен?
Қарсы болмас қусам көкем.
V. Үйге тапсырма.
Мәтіңді оқып, мазмұнын айт.
VI. Бағалау.