Сабақтың тақырыбы: § 60. Бүгінгі Қазақстан

0
672
вирусы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қазіргі кездегі Қазақстан жайлы оқушыларға жан-жақты мағлұмат алуға жағдай жасау, бүгінгі Қазақстанның даму барысы туралы білім беру, өз елін танып-білуге көмектесу.

Дамытушылық: оқушылардың өз елі, Отаны туралы түсініктерін тереңдетіп, алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру, өз беттерінше ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: тақырыпты оқыта отырып қызығушылықтарын арттыру, Отанына, өз еліне деген сүйіспеншілікке, патриотизмге, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: дәстүрлі сабақ

Пән аралық байланыс: құқық, география.

Көрнекілік: Қазақстан Республикасының саяси картасы, еліміздің әсем табиғаты бейнеленген суреттер (Бурабай, Алтай, Алматы, Каспий теңізі), ірі өнеркәсіп орындарының суреттері, буклеттер т.б.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Ұйымдастыру кезеңін өткізген соң үй тапсырмасын тексеруге кірісемін.

Оқушылардан үйге қандай тапсырма берілгенін сұраймын. Ең алдымен үйде оқушылардың құрастырған сұрақ, сөзжұмбақтарын тексеремін. Осыдан кейін өткен тақырыпты қайталау, үй тапсырмасын тексеру мақсатында сұрақтар қойылады.

1. Қазіргі Астана қаласына таяу жерде қандай ортаға-сырлық қала болған?

2. Қазақстан астанасы неліктен Ақмолаға көшті?

3. XX ғасырда Қазақстан астанасы болған қалаларды ата.

4. Қазақстан астанасы ресми түрде Ақмолаға қай жылы көшті?

5. Астана қаласының қазіргі кездегі гүлденуі туралы айт.

6. Астана қаласының орналасқан аумағының маңыздылығын көрсет.

Оқушылардың жауабын тыңдаған соң, оны толықтыра отырып үй тапсырмасын қорытындылаймын. Өткен сабақты қорытындылай келе өткен тақырыппен байланыстыра отырып жаңа сабақты бастаймын.

III. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақтың тақырыбы мен жоспары тақтаға жазылады. Оқушыларға тақырыпты жаздырып, сабақтың мақсатымен таныстырып өтемін.

Тақырыпты түсіндіру үшін мынадай жоспар құрамын:

1. Аумағы.

2. Халқы.

3. Даму жолында.

Алдымен жаңа сабаққа аздап кіріспе жасаймын. Онда Қазақстанның бүгінгі жағдайы баяндалады. Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан Қазақстан әлемдегі ірі мемлекеттердің біріне айналып отыр.

Аздап кіріспе жасағаннан кейін негізгі бөлім бойынша сабақты түсіндіруге кірісемін. Картаны пайдалана отырып, Қазақстанның жер көлемі жайында толық түсінік беремін.

– Аумағының келемі 2,7 млн км.кв. Әлемде жер көлемінің үлкендігі жөнінен тоғызыншы орында. Еліміз Азия аумағының 6,5%-ын алып жатыр.

Қазақстанның көрікті жерлері туралы суреттерді пайдалана отырып, шағын әңгіме өткіземін.

Жоспардың екінші бөліміндегі сандық көрсеткіштерді оқушыларға сұрақ ретінде беріп өздеріне тапқызамын.

Еліміздің демографиялық жағдайы.

Халық саны – 15 миллионға жуық.

Қала халқы 56%, ауыл халқы 44%.

Қазақтар 56%, орыстар 30% т.б.

Әлемде халық саны бойынша 70-орында.

Қазақстанда 130-ға жуық этнос өкілдері тұрады.

Әлемдегі қазақтардың саны 12 миллион.

Бұдан әрі халқымыздың этниқалық көрсеткіштеріне тоқталамын. Қазақ халқы еліміздегі автохтонды ұлт. Қазақтар алтай тіл семьясының түрік тобының қыпшақ тармағына жатады. Нәсіл жағынан турандық топқа кіреді.

Жоспардың үшінші бөлімін әңгіме түрінде еткіземін. Оқушыларды Қазақстанның бүгінгі жағдайы туралы әңгімеге сұрақ қою арқылы тартамын.

Қазақстанның бүгінгі дамуына сипаттама бер.

Қазақстанның жерастында қандай қазба байлықтар бар деп ойлайсыңдар?

Оқушыларға Қазақстандағы жерасты байлықтарын, яғни пайдалы қазбаларды жазып шығу тапсырылады. Кесте.

Пайдалы қазбалар

Әлемде алатын орны

1. Вольфрам

1

2. Хромит

2

3. Фосфор

2

4. Минералдык қор

6

5. Мұнай

12

Кестені толтыру арқылы бүгінгі Қазақстан жайында оқушылардың пікірін білемін. Онда мыналарды негізге аламын.

– Экономиқалық дамуы.

– Мәдени жағдайы.

– Сыртқы саясаты.

Қорытынды кезең

Сабақты бекітуді негізінен әңгіме түрінде өткізгемін. Оқушыларды әңгімеге тарту үшін проблемалық, қызықты сұрақтар қоямын.

Соңында тақырыпты қысқаша қорытындылап, Қазақстанның бүгінгі дамуы мен келешегіне тоқталамын. Оқушыларға өздерін еліміздің болашағы ретінде еркін сезінулерін айтып, сабақты аяқтаймын.

Бағалау:

Үйге тапсырма:60