Сабақтың тақырыбы: § 59. Астана-Қазақстанның бас қаласы.

0
585

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қазіргі елорда Астана қаласы жайында, оның тарихы, Алматыдан астананы Ақмолаға көшірудің алғышарты жайында оқушыларға жалпылама мағлұмат беру, елорда жайында білімдерін кеңейтуге жағдай жасау.

Дамытушылық: өз беттерінше білім алу, ізденіс әрекеттерін дамытуға жағдай жасау, тарихи оқиғалардың маңыздылығын түсіне білу, оған баға беріп, пікір алу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу.

Тәрбиелік: Астана арқылы мақтана білуге үйрету, елордаға, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық, азаматтық тәрбие алуға көмектесу, рухани-материалдық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақ әдісі: әңгіме, пікір алысу.

Пән аралық байланыс: құқық

Көрнекілік: Астана қаласының суреттері, Қазақстан Республикасының саяси картасы, Астана қаласы туралы деректі фильм кассетасы.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырманы тексеру және бағалау мақсатында төмендегідей сұрақтар мен тапсырманы беремін.

1. Ақшаны пайдалану қай кезде пайда болған?

2. Нумизматика ғылымының негізін салушы кім?

3. Қандай металдан ақша жасайды?

4. Теңге кашан айналымға енгізілді?

5. Теңгені айналымға енгізудің себептері мен алғышарттарын көрсет.

6. Теңге бетіндегі түлғаларды ата.

Оқушылардың дәптерлерін үйде теңге жайлы жазған әңгімелерін тексеруге жинап аламын. Өткен сабақты көрнекі құралдарды пайдаланып, оқушылармен әңгімелесе отырып қорытындылаймын.

III. Жаңа сабақ.

Өтілетін сабақтың тақырыбы мен жоспарын алдын ала тақтаға жазып қоямын. Сонымен қатар оқушылардың назарын сабақтың тақырыбына, жоспарына, мақсатына аударамын.

Тақырыптың жоспары.

1. Бұзоқ – ортағасырлық қала.

2. Алматыдан Ақмолаға.

3. Астана – ел мақтанышы.

Сабақты көрнекі құралдарды пайдалана отырып бастаймын. Бір оқушыға Қазақстан картасынан Астана қаласын көрсетуді сұраймын. Осыдан кейін тақтаның ортасына «Астана» сөзін жазамын.

Теледидар мен бейнемагнитофонды іске қосып оқушыларға Астана қаласы жайында деректі фильмді көрсетемін (7-10минут).

Тапсырма

Оқушыларға бейнефильмде көргендерін, яғни әсерін қағаз бетіне түсіртемін. Тапсырманы орындаған кезде көрнекілік ретінде Астана қаласының суреттерін де таратып беремін. Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін төрт-бес оқушыға жазғандарын окытып, пікірлерін білемін.

Мұғалім оқушыларға Есіл өзенінің жағасында орналасқан орта ғасырдағы Бозоқ қаласы жайында айтып беруі керек. Бозоқ қаласының орнын мұғалім картадан көрсетіп береді. Бозоқ қаласын археолог К.Ақышев бастаған ғалымдар зерттеді.

Оқушылар назарын XX ғасырдағы Қазақстан астанасы болған қалаларына аударамын.

1. Орынбор (1920-1924 жылдары).

2. Қызылорда (1924-1929 жылдары).

3. Алматы (1929-1997 )жылдары.

4. Астана(1997жылдан).

Қазақстан астанасының Алматыдан Акмолаға көшу тарихын баяндаймын.

Ақмола Қазақстаннын орталығында (Еуразияның кіндігінде) орналасқан. Тоғыз жолдың торабы. Төрт жағынан электрлендірілген темір жол келіп кіреді. Жері өте қолайлы, жазықта далада, Есіл өзенінің жағасында орналасқан.

Астананы Ақмолаға көшіру туралы жарлық 1996 жылы 6 шілдеде шықты. 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола Қазақстан астанасы болып жарияланды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды. Осы жылы Ақмола қаласына Астана атауы берілді.

Жоспарда көрсетілген үшінші бөлім бойынша түсіндіргенде бейнефильмді пайдаланамын. Бейнефильм бойынша әңгімелеп беремін. Астана көркі болған әр ғимарат жайында кеңірек тоқтала отырып түсінік беремін.

Қорытынды кезең

Сабақты бекіту мақсатында екі-үш оқушыны шығарып тақырыптын мазмұнын айтқызамын. Арасында сұрақ қойылады. Бір оқушыдан тақырыпқа байланыста картадан білімін тексеремін. Астана ғимараттарының суретін үш-төрт оқушыға таратып беріп, пікірлерін білемін.

Соңында сабақты қорытындылаймын. Онда елорда тарихына қысқаша тоқталып, Алматыдан Ақмолаға бағытталған Ұлы көш жайында, Астананың бүгінгі жағдайына шолу жасаймын. Астананың дамуы Қазақстанның дамуы екенін атап көрсетемін. Астана XXI ғасырдың қаласы, еліміздің жүрегі іспеттес.

Бағалау:

Үй тапсырмасы:

1. 59-параграфты оқу.

2. Астана қаласы жайында сұрақ, сөзжұмбак құрастыру.