Сабақтың тақырыбы: § 35. Қазақтың көрнекті ғалымы-Шоқан Уәлиханов

0
891
Казахстан

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды қазақтың көрнекті ғалымы Ш.Уәлихановпен таныстыру, оның өмірі, еңбегі, ғылымға қосқан үлесі жайында мағлұмат беру.

Дамытушылық: қазақтың ұлы ғалымдары жайындағы білімдерін одан әрі дамыту, ғылыми қызығушылықтарын ұлғайту, ұлы ғалымдардың еңбектерін өзі бетінше оқып үйренуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: білім, ғылымға қызығушылықтарын арттыру, ұлы ғалымдардың еңбектерін оқу арқылы адамгершілікке, имандылыққа, білімділікке тәрбиелеу, олардың өмірін үлгі ету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Ш. Уәлиханов, Г. Потанин, Ф. Достоевский суреттері, ғылыми карталар.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында үй тапсырмасын тест сұрақтары арқылы тексеремін.

1. Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық күрес болған жылдар.

2. Кенесарының ата-бабалары.

3. Кенесары хан көтерілген жыл.

4. 1836—1838 жылдарда болған ішкі ордадағы көтеріліс басшыларының бірі, ақын.

5. Исатай Тайманұлы қазіргі қай облыстың жерінде дүниеге келді?

6. Бөкей ордасы қай өзендердің аралығында орналаскан?

III. Жаңа сабақ.

Алдымен сабақтың тақырыбын тақтаға жазып, оқушыларға негізгі мақсаты түсіндіріледі.

Жаңа сабақты оқушыларға сұрақ қоюдан бастаймын.

1. Шоқан туралы не білесіңдер?

2. Шоқанның аты ғылым мен мәдениеттің қандай саласымен байланысты деп ойлайсыңдар?

Осыдан кейін тақырыпты қыскаша түсіндіре бастаймын.

Шоқанның шын аты — Мұхаммедханафия. Шоқан Абылай ханның шөбересі екенін оқушылардың естеріне саламын. Шоқанның туып-өскен жері Құсмұрын және Сырымбет. Шоқанның жастайынан ғылым мен білімге құмартуына әкесі Шыңғыс сұлтан мен әжесі Айғанымның әсері мол болған.

Шоқан он екі жасында 1847 жылы Омбы қаласындағы Сібір кадет корпусына оқуға түседі. Бұл оқу орын патша өкіметіне қызмет ететін әскери саладағы офицерлерді дайындайтын. 1853 жылы Шоқан аталған оқу орнын корнет деген офицерлік шенмен бітіріп, әскери қызметке орналасады. Осыдан Шоқанның ғылыммен айналысуына жол ашылады. Ол көптеген ғылыми-зерттеу экспедицияларға қатысады. Қашқарияға жасаған сапары оның атын әлемге әйгілі етеді. Шоқан Ф.М.Достоевский, Г.Н.Потанин сияқты ғылым мен әдебиеттің белгілі өкілдерімен достасады.

Осылай түсіндіре келе оқушыларға Шоқанның өмірінен, ғылыми жолдарынан оқулықты пайдалана отырып дәптерге хронологиялық кесте жасау тапсырылады.

1. 1835 жыл – Шоқан дүниеге келді.

2.1847 жыл – Шоқан Омбыдағы Сібір кадет корпусына оқуға түседі.

3.1853 жыл – Шоқан Сібір кадет корпусын бітіреді т.б.

Бұдан кейін сынып оқушыларын екі топқа бөліп, Шоқанның өмірінен екі тақырып беріп шағын әңгіме жазуды тапсырамын.

Тақырыптар:

І-топка: «Шоканның балалық шағы».

П-тоіща: «Шоқан – көрнекті ғалым».

Жазып болғаннан кейін екі топтың жазған әңгімелерін бір-біріне алмастырып, пікір алысуға жағдай тудырады. Бұл әңгімені артынан қысқаша қорытындылап өтемін. Сонымен қатар қисынды әңгіме жазған оқушыларды бағалаймын.

Қорытынды кезең

Жаңа сабақты бекіту мақсатында оқушыларға өтілген тақырыпқа байланысты сұрақтар қоямын.

Бекіту сұрағының үлгілері:

1. Шоқанның жастық шағы қай өлкеде өтті?

2. Шоқанның ата-бабалары туралы не білесіңдер?

3. Шоқан Омбы қаласында қандай оқу орнында оқыды? Бұл оқу орнында қандай сала бойынша білім алды?

4. Шоқан қатыскан ғылыми-зерттеу экспедиқияларды ата.

5. Шоқанды әлемге әйгілі еткен қандай экспедиқия?

6. Шоқан ғылымның қандай салаларымен айналыскан?

7. Шоқан еңбектерін жарыққа шығарған академик кім?

Оқушылардың жауабын тыңдаған соң сабақты қорытындылаймын.

Шоқан Уәлихановтың өмірі өте қысқа болды. Бірақ сол қыска ғұмырында ол ғылым жолында өте көп табыстарға жетті. Тарих пен география, әдебиет пен этнография салаларында бірқатар ірі ғылыми еңбектер жазды. Санкт-Петербург қаласында Азия департаментінде қызмет атқарды. Қазақтардың арасында алғашқы болып Орыс географиялың қоғамының белсенді мүшесі болды. Шоқан орыстың алдыңғы қатарлы интеллигенция өкілдерімен жақсы қарым-қатынаста орнатып, достаса білді. Сонымен Шоқан Уәлиханов XIX ғасырдағы қазақтың біртуар ұлдарының бірі, ірі ғалым, ағартушы, қоғам қайраткері.

Бағалау:

Үй тапсырмасы.

1. 35-параграфты оқу.

2. Шоқан Уәлиханов жайында қосымша әңгімелер оқып келу. Мәселен, С.Бегалиннің «Бала Шоқан» повесі.