Сабақтың мақсаты:
Тарихта Ұлыбай-Тасмола мәдениеті деген атпен қалған Солтүстік Қазақстанның ерте темір дәуіріндегі жағдайы, ескерткіштері, металды өңдеу әдісі т.б. туралы айта отырып, белсенділігі жоғары, иманды азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: баяндау
Көрнекілік: карта
Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Қорытындылау,бағалау
VI Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Сарыарқа атауы қандай мағына береді?
Орталық Қазақстандағы қорғандарды сақ қорғандарымен салыстыр.
Тасмола мәдениетінің алғашқы есерткіштері қай жерде ашылды?
Темір дәуірінде Орталық Қазақстанды қандай тайпалар мекендеген?
Жаңа сабақтың жоспары:
Солтүстік Қазақстанның табиғат ерекшеліктері
Тұрғындар туралы жазба деректер
Тіл білімі мамандары «аргиппей» сөзін латын тілінен «ақ жалды жүйрік аттардың иелері» деп аударады.
Солтүстік Қазақстан тұрғындары б.з.б. 1 мыңжылдықта көшпелі өмір салтына ауысқан.
Мал бағу ерекшеліктері
Қазақ даласында оқта-текте жұт болып тұрды. Жерді қалың мұз басып, мал шөп тауып жеу үшін тұяғымен оны жара алмайды. Жұт 6-8, кейде 10-12 жылда бір қайталанып тұрды.
Ерте темір дәуірінің ескерткіштері
Металл ұқсату
Сабақты бекіту:
Солтүтік Қазақстан деген тарихи географиялық ұғымға бүгінгі қай облыстар кіреді?
Қазақстанның әр түрлі аймақтарындағы табиғат пен климаттың ерекшеліктерін Солтүстік Қазақстанмен салыстыр.
Солтүстік Қазақстанда мал жаю ерекшеліктері неде? Жұт дегеніміз не? Халық табиғаттың бұл құбылысына қарсы қалай күресті?
Солтүстік Қазақстанмен Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірі мәдениетіндегі ұқсастықтарды ата.
Бағалау:
Үйге тапсырма: § 26. Шығармашылық тапсырма
Ұлыбай-Тасмола мәдениетінің Қазақстанның басқа өңірлердің мәдениетімен ұқсастықтары мен ерекшеліктерін ата.