Сабақтың тақырыбы: § 12. Қазақстан қалалары

0
842
познание мира

Сабақтың мақсаты.

Білімділік: Қала үғымы және оның саяси-әкімшілік, мәдени қызметі, Қазақстан қалаларының күрделі де қызықты қалыптасу тарихы жөнінде білім беру.

Дамытушылық: Оқушылар еліміздің жөне өздері туып-өскен қалалары туралы білімдері мен картамен жұмыс істеу дағдыларын, өз ойын еркін жеткізе білу, дәлелдей алу біліктілігін дамыту.

Тәрбиелік: Туған қаласының Отан тарихына қосатын үлесін байыпты айта білуге, түсіне білуге, өз туған жерін, қалаларын көркейтуге үлестерін қосуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Әдісі: Баяндау

Пәнаралық байланыс:география

Көрнекілік:

1. Қазақстанның әкімшілік-саяси картасы.

2. Ежелгі және қазіргі Қазақстан қалаларының суреттері.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасын ең алдымен біз сендермен өткен сабақта не туралы өттік деп оқушылардың ойын кайталаудан бастаймын. Оқушылардың кысқаша жауабынан кейін балалардың «Жұмыс дәптеріндегі» үйден жазып келген өздік шығармашылык әңгіме жұмыстарын бірнеше оқушыға дауыстатып оқытамын. Қалған окушыларға осы әңгіме бойынша бір пікір, бір ұсыныс айту ұсынылып, үй тапсырмасын тексеру әңгімелесу түрінде жүргізіледі. Тапсырманы орындау барысында оқушылардың тарихи тілмен өз ойын жинақы да жүйелей баяндай білу қабілеттеріне назар аударамын. Үй тапсырмасын осылайша тексеріп шыкқаннан кейін жаңа такырыпқа көшемін.

Жаңа тақырыпты түсіндіру. Бірінші Қазақстан калалары деген тақырыпты түсіндіремін: бүгінде Қазақстанда 2004 жылғы есеп бойынша 14 облыс, 90-ға жуық қала, 200-дей қала тектес кент, 150-ден астам аудан тіркелген. Олардың ішінен біз сендермен Қазакстанның бірқатар калаларының тарихымен таныс боласыңдар деп бастаймын. Ол үшін алдымен оқушылардың кала туралы түсініктерін біліп алып, одан әрі сабақтың барысымен таныстырамын. Бүгін біз осы тақырыпты меңгеру үшін біз топ-топқа бөлініп, сайыс түрінде сендермен саяхат сабағын өткіземіз деп айтамын.

Мұғалім сыныпты шағын-шағын бірнеше топқа бөліп, әр топқа кала атаулары бойынша ат беріледі. Бір топ әділ қазылар алқасы болады. Олардың міндеті әр топтың жауаптарын әділ бағалай білу. Ол үшін әділ қазы берілген тапсырмаларды сайысушы топтардан артық білуі тиіс. Сондыктан бұл топқа ең жаксы оқитын оқушыларды алуға болады. Оларға барлық топтарда дайындалып жатқанда қалалар бойынша білімдерін толықтыруға мүмкіншілік беріледі. Саяхат сайыс сабағы 4 кезеңнен тұрады.

I кезең «Тарихым» деп аталады. Әр топқа мына төмендегі сұрақ-тапсырмалар бойынша өз каласын саяхатшыларға таныстыру тапсырылады:

1. Қаланың құрылу тарихы.

2.Қаланың мәдени-тарихи сәулет ескерткіштері мен мәдени орталықтары.

3. Қаланың географиялык, табиғат жағдайы.

4. Қаланың бүгінгі күндегі өндірістік жағдайына қысқаша сипаттама беру.

Тапсырмаларды орындау барысында окушыларға үйге берілген сұрақтар бойынша өздері жинап дайындап келген материалдарды пайдалануды ұсынамын. Сонымен қатар оқушыларға қиындық туғызбау үшін үйден өзім де тақырыпқа байланысты қосымша материалдар дайындап келіп, топтарға үлестіріп беремін және сайыс барысында оқушыларға бағыт беріп отырамын. Әр тапсырма кезеңіне бөлінген уақыт мөлшері ескертіледі.

«Тарихым» деп аталатын бірінші кезеңде, әр топтан бір-бір окушыдан шығып ойын қапшығынан алдын ала дайындалған сұрактарды кезек-кезек бір-бірден алып отырып, жауап береді. Әр топтан алынған дұрыс жауапты есептеп отырамын. Әр топқа дайындалған сұрактар саны мән мазмұны бірдей болуы тиіс.

Сайыстың «Маған саяхатқа кел!» деген II кезеңінде әр топ өз қалаларының тарихи-мәдени ескерткіштерін сипаттап суреттер салады. Тапсырмаға берілген уақыт аяқталғаннан соң, әр топка өздерінің қаласын салған суреттері бойынша белгіленген уакыт ішінде баяндап шығу тапсырылады. Бұл тапсырманы топтың бірнеше адамы катысып, корғауға болады. Мұнда алдын ала дайындалып қойылған суреттер де пайдаланылады.

«Табиғатым» деп аталатын сайыстың III кезеңінде әр топ «Қазақстанның физикалык» картасын пайдаланып, өз қалаларының географиялык, табиғат жағдайын сипаттап шығады. Оқушылар өз өлкесінің өзен, көлдері, таулары т.б. географиялық жағдайын сипаттап көрсетуі тиіс.

«Отанға үлесім» деген сайыстың IV кезеңінде топтарға «Қазақстан» деп аталатын тақтада ілінген плакаттағы әр топқа арналып бөлінген қалташыққа өз каласының Отанға беретін пайдасын қағазға жазып, белгіленген уақыт ішінде толтыруы тиіс. Өз қаласын осы тапсырма бойынша айту үшін әр топтан бір-екі оқушы шығып қорғайды. Ұпай саны әр топтың қайсысы қалташықка көп жауап толтырғаны және дұрыстығымен есептелінеді.

Сайыстың корытындысы бойынша әділ қазы тобы әр топтың алған ұпайын төмендегі талап бойынша есептеп шығарып, қорытындылайды.

1.Тапсырманың талабының дұрыс орындалып, тақырыптың ашылғандығы.

2.Сайыстың әр кезеңіне қойылған талап бойынша қай топтың жауаптары қызықты, жүйелі, көңілден шықты.

3.Қай топ уақытты ұтымды пайдалана білді, тапсырмаға жауапкершілікпен карады.

Соңында қай топтың сайыстың қай кезеңінде тапсырманы орындауда уакытты ұтымды пайдалана білгенін, қызықты болған жауаптарды және сайысқа белсенді қатысқан оқушыларды ерекше атап өтемін.

Бекіту:

Жалпы сынып бүгінгі сабақты қалай менгеріп шыққанын тексеру мақсатында, уақыт қалса төмендегі сұрақтарды қойып, саяхат сайыс сабағын бекітемін.

1. Қазақстанда неше облыс, қанша қала бар?

2. Түркістан қаласында орналасқан ірі мәдени ескерткішті атаңдар.

3. 1992 жылға дейін Ақтау деп аталып келген, портты қаланы атаңдар.

4. Ақтөбе қаласының ортасымен ағып өтетін өзенді атаңдар.

5. Алматы қаласының ескі атауы.

6. Атырау қаласына 40 шақырымдай жерде орналасқан орта ғасырлық мемлекет астанасын ата.

7. Кеңес заманында ірі саяси лагерьлер өлкесі болған қала.

8. Тобыл өзені бойында орналаскан Қазақстан облыс орталықтарының бірі.

9. Қызылорданың 1853 жылға дейінгі атауы.

10. Ерте замандарда Ертіс жағалауында қимақ тайпаларының қонысы болған қала.

11. Шымкент қай ғасырдан бері белгілі болды?

12. Шымкент атауы кандай мағына білдіреді?

Бағалау:

Үйге тапсырма. 12-параграфты оқып келу. Параграфтың соңындағы 3-5 сұрақ-тапсырмаларды орындау.

Бірінші бөлімді қайталау үшін сұрақтар мен тапсырмалар.

1.«Тарих» сөзі қандай мағынаны білдіреді? Онда біз не туралы оқып үйренеміз?

2. Жалпы Қазақстан тарихы қандай кезеңдерге бөлінеді?

3. Тарихи деректпер дегеніміз не және оның қандай түр-лері бар?

4. Археологтпар, антропологтар, этнографтар кімдер, олар нені зерттейді?

5. Тарихи өлкетпану ғылымы қашан жеке гылым саласы болып қалыптастпы және оның тарихты жазуда атқаратын қызметіне бага беріңдер.

6. Ертеде қазақтар уақытты өлшеудің қандай түрлерін қолданған?

7. Кеңістік дегенімізді қалай түсіндіңдер?

8. Тарихты оқып білуде картаның маңызы қандай?

9. Қазақстан әлемдегі ірі мемлекет екендігін картаның көмегімен дәлелде.

10. Қазақстанның табигатына сипаттама беріңдер.

11. Қазақстан қалайша көп этносты мемлекетке айналды? Бугінде Қазаңстанда қанша басқа этнос өкілдері өмір суреді?

12. «Қазақстан қалалары» тақырыбы бойынша естеріңде қалғандарын айтып беріңдер.