27-ші сабақ
Сабақтың тақырыбы: Өрнектерді салыстыру.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Өрнектерді салыстыру ;құрастыру дағдыларын қалыптастыру;
2.Дамытушылық: Логикалық ойлауларын дамыту.
3.Тәрбиелік: Зейіншілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, ақ параққа жазылған өрнектер
Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Психологиялық дайындық
Қайырлы күн, достым
Қайырлы күн болсын!
Күлші, кәне, досым,
Бүгінгі күн міне,
Сәттілікке толсын.
4-тік, 5-тік бағалар,
Күнделікке толсын!
Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық.
ІІІ.Тірек білімдерін жетілдіру.
1. Қайталау
Айырманың компоненттерін қайталау.
Қосындының компоненттерін қайталау.
Кесінділерді, үшбұрыш пен шаршыны қайталау
2. Теңдіктер мен теңсіздіктер құрастыру
IV. Жаңа материалмен таныстыру.
Жаңа сабақпен таныстыру жұмысын тақтада көрсету арқылы бастаған жөн. Мұғалім жинақ полотносына 4 шаршы мен 2 дөңгелекті қояды және теңсіздік құрастыруды сұрайды. Содан кейін 1 шаршыны алып тастайды, балалар бұл амалда бейнеден көрсететін өрнекті құрастырады (4-1 ) және шаршының санын дөңгелектің санымен салыстырады.
Оқулықтағы №2 орындау.
№3 тапсырманы ауызша талдап дәптерге орындау.
Өтілген материалды бекіту.
V. Өздік жұмыс №4 -48 бет
3+1 *1+2 3-2 *3-1
4-2 * 2+2 4-3 *1+1
VІ.Сергіту сәті.
Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Түп-түзу боп отырып,
Әдемі етіп жазайық.
VІІ. Дәптермен жұмыс №1 тапсырмада алдымен сурет бойынша өрнектер құрастырылады. Оларды тақтаға немесе дәптердегі суреттің астындағы арнайы берілген торкөздерге жазған дұрыс. Суретке сәйкес өрнектерді міндетті түрде оқу керек. Енді балаларға оларды салыстыру ұсынылады. Екі тәсілмен салыстыруға болады: 1) алдымен өрнектің мәнін тауып (жоғары жағына жазып қоюға да болады), содан кейін оларды салыстыру; 2) өрнектерге салыстыру жұмыстарын жүргізу (сол жақ бөлігінде 2 -ге 1 -ді қостық, оң жақ бөлігінде 2-ге 2-ні қостық, демек сол жақтағы өрнек кем).
№2 орындау
VIIІ. Сабақты қорытындылау.
ІХ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау