Поурочное планирование по казахской литературе для 10-го класса (34 часа)

0
1443
информатика

Список тем:

  1. Кіріспе
  2. Дулат Бабатайұлы. «Еспенбет» поэмасы
  3. Дулат Бабатайұлы. «Еспенбет» поэмасы
  4. Махамбет Өтемісұлы
  5. Махамбет Өтемісұлы
  6. Шортанбай Қанайұлы
  7. Сүйінбай Аронұлы
  8. «Жақсы мен жаман».
  9. Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Қашаған Күржіманұлы.
  10. Алмажан Азаматқызы, Мұрат Мөңкеұлы.
  11. Нәтиже сабақ
  12. 19 ғасырдың ІІ жартысындағы әдебиет
  13. Шоқан Уәлиханов. Ғылыми және ағартушылық істері.
  14. Шоқан Уәлиханов. Ғылыми және ағартушылық істері.
  15. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы.
  16. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы.
  17. Ыбырай Алтынсарин.
  1. «Әке мен бала».
  2. Абай Құнанбайұлы.
  3. Абай Құнанбайұлы. Табиғат лирикасы
  4. Абай Құнанбайұлы. Аудармалары.
  5. «Ескендір» поэмасы.
  6. Абай Құнанбайұлы. Қара сөздері.
  7. «Шәкәрім Құдайбердіұлы»
  8. «Еңлік – Кебек» дастаны
  9. Мағауия Абайұлы Құнанбаев.
  10. Жамбыл Жабаев.
  11. Жамбыл Жабаев. Айтыстары.
  12. Әнші – сазгерлер ақындар шығармашылығы.
  13. Біржан сал, Жаяу Мұса.
  14. Ақан сері, Үкілі Ыбырай.
  15. Ақан сері, Үкілі Ыбырай.
  16. Ақан сері, Үкілі Ыбырай.
  17. Қайталау сабағы

 

Пример разработки урока:

Урок 21.  Абай Құнанбайұлы. Аудармалары.

Мақсаты: Абай Құнанбайұлы шығармашылығымен танысуды жалғастыру.

Міндеттері: мәтінді түсініп оқып, өз бетімен жұмыс жасауға, мәнерлеп оқуға жаттықтыру, қазақ тілінен білімдерін қолдана отырып, мәтіннің аудармаларын салыстырту, білімге деген ынта, қызығушылықтарын арттыру.

Құралдар: оқулық, орыс ақындарының шығармаларымен Абайдың аудармалары Сабақ түрі: аралас
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру(оқулық, қалам, дәптер)

Үй тапсырмасын тексеру: ұнаған жыл мезгілі туралы өлеңінен үзінді жаттау, сол жыл мезгіліне байланысты сурет салу (жұмыстарын тексеру, бағалау.

Жаңа сабақ:
Абай шығармашылығында аудармалар елеулі орын алды. Автор өзі сүйіп оқыған шығармаларды қазақ тілінде сөйлету мақсатымен зор еңбек жасаған. Сондықтан да Абайдың аудармашылық шеберлігі, өнері өзінен кейінгілер үшін баға жетпес шеберлік мектебі болып қалуда.

Абай

Пушкин Лермонтов Крылов Байрон Гете Шиллер Мицкевич

Тапсырма: 154-158 беттерді оқып (10 мин) Абайдың кімнің, қандай жұмыстарын аударғанын анықтау

Аудармалар түрлері

1. Аударма         2. Түпнұсқа сарынымен жазылған төл шығарма
( айырмашылығын түсіндіру)

1. «Евгений Онегин» поэмасынан үзінділерді түпнұсқамен (оригинал) салыстыру.
2. Мысалдардың аудармасымен таныстыру, аңдардың сипаттамасын дәл келтіргендігін айта кету.

Бекіту: – Абай Құнанбайұлыаудармалары туралы не айта аласыңдар?
– Абай Құнанбайұлы кім ?
Үйде: 154-158 беттерді оқып , бір мысал аудармасын оқып, суретін салу, мысал кейіпкерлерінің сөздерін жазу.
Қорытынды: бағалау, қоштасу

Жыл мезгілдері. Абай,

Жаз

Жаздыкүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Арасында құлын – тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап.

Күз

Сұр бұлт түсі суық қатпайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрыңғыдай,
Жастар күлмес, жүгіпмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамады үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол – бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабыраңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.

Қыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы – ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы –үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң –қыс келіп, әлек салды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды
Борандай бұрқ-сұрқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

 Жазғытұры

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.
Түйе боздап, қой қоздап- қорада шу,
Көбелек пен құстар да сайда – ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұлаңдап ағады су.