Оттектің химиялық қасиеттері. Жану.

0
1026

Күні

Сабақтың тақырыбы. Оттектің химиялық қасиеттері. Жану.

Сабақтың мақсаты. Оттектің химиялық қасиеттерімен таныстыру. Жану, баяу тотығу реакцияларымен таныстыру.

Құрал-жабдықтар. Күкірт, фосфор, көмір, құм, фосфор (V) оксиді, әк суы, болаттан жасалған қалам, оттегі толтырылған газометр.

Тірек білім мен біліктер. Жану оксидтер, жай зат, күрделі зат, химиялық реакция теңдеуін құру білігі, реакцияларды салыстыру, валенттік бойынша оксидтердің формуласын құру.

Сабақ барысы: Өткен сабақты қайталау мақсатында оқушыларға тапсырма беруге болады.. 1. Валенттілік бойынша оксидтердің формуласын құрып, аттарын атау.

Мысалы: мырыш (II), күкірт (IY,YI), мыс Cu(I,II),хром Cr (III,YI), фосфор Р (III,Y), магний Mg (II), т.б.

Жаңа сабақты түсіндіру. Бұл сабақта алғаш рет оттегінің химиялық қасиетімен танысады, яғни заттың химиялық қасиетін айтқанда, бір заттың екінші затқа айналғандығы жағдайларына – температураның, қысымның өзгеруіне көңіл бөлуі керек.

Оттегінің химиялық қасиеттерімен демонстрациялық тәжірибелер жүргізу арқылы таныстырады. Оларды орындаған кезде мұғалім реакцияны жүру жағдайына, реакцияның ерекшелігіне тоқталады. Әсіресе барлық реакцияға тән, ортақ жолдарын ескертеді: реакция жылу немесе жарық бөле жүре ме, әлде тотығу арқылы оксид түзе ме?, т.б. Оттегінің химиялық қасиетін қарастырғанда салыстыра білу тәсілінің маңызына тоқталып кеткен жөн. Фосфор, көмір, күкірт, темір және күрделі заттардың таза оттегінде жану жағдайларына көңіл бөлінеді де, салыстыра отырып қорытынды жасалады.

Мысалы: фосфордың оттегінде жануын талқылаған кезде, алған затты (фосфорды) аздап қана қыздыру керектігі айтылады, яғни бұл бірінші шартты белгі – зат жану үшін оны қыздыру керек. Екінші шартты белгі – қыздырылған фосфор оттегімен жанасуы керек.

Басқа тәжірибелерде де мұғалім жану процесінде осы екі шартты белгі орындалу керектігін түсіндіріп отырады. Тәжірибе нәтижесінде оқушылар жай заттардың жану реакция сы қосылу реакциясына жатады деген қорытындыға келуі қажет.

Сабақты пысықтау мақсатында тапсырмалар беру:

, 1. 1. Төмендегі заттармен оттегінің арасындағы реакция теңдеулерін жазыңдар: а) темір (III); ә) күкірт (IY); б) көмір (IY); в) (Y). Реакция нәтижесінде түзілген күрделі заттың атын ата; химиялық реакция типін көрсет, реакция жүру жағдайын атаңдар.

Осындай тапсырманы карточкамен оқушыларға жеке-жеке берүге болады.

Мысалы: 1) мыс (Cu) оттегінде жанғанда мыс (II) оксиді (CuO);

2) кремний (Si) оттегімен әрекеттескенде кремний (IY) оксиді (SiO2 );

3) металл (Ca) оттегінде жанғанда кальций оксиді (CaO);

4) магний ауада жанғанда – магний оксиді;

5) натрий ауада жанғанда ақ ұнтақ-натрий оксиді Na2O түзіледі;

6) сутегі(H)мен оттегінің қоспасын жандырғанда қопарылыс береді де,су пайда болады.

Бұл тапсырмаларға жауап беру барысында оқушылар оттегінің химиялық қасиетін еске түсіреді, реакция жүру жағдайларын, шартты белгілерін айтады. Қосылу реакциясының мәнін түсінуге реакция теңдеуін жазуға, валенттілігін, коэффициенттерін дұрыс қоюға дағдыланды. Бұл тапсырмалар өткен сабақпен қалыптастырылғалы отырған жаңа ұғымдарды байланыс тырады.

Үйге тапсырма беру. §22. 5-9 жаттығулар.

химия

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь