Оттек. Оттектің табиғатта кездесуі.

0
1133
физика

Күні

II тарау. ОТТЕК. ОКСИДТЕР. ЖАНУ .

№1 сабақтың тақырыбы:. Оттек. Оттектің табиғатта кездесуі.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Химиялық элементпен және жай затпен таныстыруды жоспарлау.Дамытушылық: Өз еріктерімен ізденіп ойларын дамыту. Тәрбиелік: жеке жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар. “Элементтердің табиғатта таралуы”.

Тірек білім мен біліктер: Элемент, жай зат, химиялық элемент пен жай зат ұғымдары ның айырмашылығы. Физикалық және химиялық құбылыс.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, іздену, өз еріктерімен жұмыс.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жаңа сабақты игеру, оқулықпен жұмыс

Сабақтың барысы: Өмірде маңызы бар кейбір заттармен таныстыру оттегімен басталады. Оттегіні оқып үйрену үшін оны әрі элемент, әрі жай зат ретінде қарастыру қажет. Химиялық элемент пен жай ұғымдарының арасында айырмашылық бар екені айтылады. Төмендегі берілген жоспарда бұл айырмашылық айқын көрінеді.

Химиялық элементке сипаттама беру жоспары:

1. Химиялық таңбасы.

2. Салыстырмалы атомдық массасы.

3. Табиғатта кездесуі.

Жай заттарға сипаттама беру жоспары:

1. Химиялық формуласы.

2.Салыстырмалы молекулалық массасы.

3.Физикалық қасиеті.

4.Химиялық қасиеті.

5.Қолданылуы.

6.Зертханада және өндірісте алу жолдары.

Осы келтірілген жоспарға сүйене отырып, оқушы өздігінен оттегіне сипаттама береді. Кейін де элементтерге, жай заттарға сипаттама бергенде осы жоспарды қолдануға болады.

Сабақты пысықтау мақсатында оқулықтан тапсырмалар беріледі.

Үйге тапсырма беру: § 20. 1-7 жаттығулар.

химия

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь