Оттегінің физикалық қасиеттері, зертханада және өндірісте алу.

0
1515

Күні

Ссабақтың тақырыбы: Оттегінің физикалық қасиеттері, зертханада және өндірісте алу.

Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушыларды оттегінің қасиеттерімен таныстыру. Дамытушылық: зертханада алу әдістерін көрсету.Тәрбиелік: Жек жұмыс жасауға, қорытындылауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Цилиндрлер, шыны пластинка, заттарды жандыратын қасықша, сіріңке, шыра, кестелер: “Газды жинау”, Калий хлораты (Бертолле тұзы) , сутегі асқын оксиді, калий перман- ганаты, күкірт қышқылы, оттегін алуға және жинауға арналған құралдар, шырпы, газометр, сіріңке, газ жанарғысы.Электрондық оқулық

Сабақтың түрі. Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жаңа сабақты игеру, сұрақ – жауап.

Тірек білім мен біліктер: Газдарды жинау әдістері, катализатор.

Сабақ барысында оттегінің қолданылуын, табиғатта таралуын қайталау мақсатында бірнеше сұрақтарға жауап алынады.

1.Қандай қасиеттеріне байланысты газ және сұйық күйінде қолданылады?

2Қандай қасиетіне сүйеніп оттегін суды және ауаны ығыстыру арқылы алады?

Жаңа сабақты көрнекі тәжірибелер көрсетуден бастау. Оттегін оңай ыдырайтын заттардан алуға болатыны айтылады. Оттегін алу тәжірибе арқылы көрсетіледі. Тәжірибе мына тәртіппен жүргізіледі:

2KMnO4 → K2MnO4 + MnO2 + O2

Оқушыларды тәжірибе жүргізген кезде дұрыс бақылауға, нәтижесін қорытындылауға үйрету керек. Осындай бақылау жүргізуді үйрету үшін газометрге оттегі толтырылады да, оқушыларға “Оттегінің қандай қасиетін бақыладыңдар?”-деген сұрақ қойылады. Одан әрі оттегін ыдыстағы ауаны ығыстыру арқылы жинауды және сынауықтағы суды ығыстыру арқылы жинауды көрсету.

Жиналған оттегінде шала жанған шырпыны апарғанда, оның жарық жалын шығарып жанатынын оқушыларға қөрсету арқылы «оттегі жануды қолдайтын газ» екенін түсіндіремін. Ауадағы оттегіне қарағанда, таза оттегінде заттар өте жақсы және тез жанатыны айтылады.

Оқушылар заттардың физикалық қасиетіне сипаттама беруді біледі.

а)сынауықтағы сутегі асқын оксидін катализатор(өршіткі) салып қыздыру;

ә) марганец (IY) оксидін сынауықта қыздыру;

б)қоспа дайындау H2O2+MnO2, оттегін алу, тәжірибе нәтижесі қорытын- дыланып, катализаторға анықтама беріледі. Катализаторды бөліп алып, массасы өзгермегенін көрсету керек. Бертолле тұзынан да оттегін алғанда өршіткі қолданылады.

Қорытынды ретінде мынадай сұрақтар беріледі:

1. Оттегін басқа қандай заттардан алуға болады?

2. Неліктен оттегі газы суды ығыстыру арқылы жиналады?

3. Неліктен оттегі газы ауаны ығыстыру арқылы жиналады?

Үйге тапсырма беру: § 21. 1-8 жаттығулар.

химия